13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шомылу маусымы: қауіпсіздік шараларын сақтау міндет

1 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шомылу маусымы: қауіпсіздік шараларын сақтау міндет
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте шомылу маусымында балаларды суда жүзуге тегін үйрету жұмыстары бойынша баспасөз туры өткізілді. Судағы жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің өкілдерімен бірлесіп шомылуға тыйым салынған орындарға жүйелі негізде патрульдеу жүргізеді. Рейдке қатысушылардың назары шомылатын жасөспірімдерге аударылады. Осы ретте қаладағы танымал Қошқар-ата өзенінің бойында профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Жедел-құтқару топтың құтқарушылары, ТЖ мамандары мен әкімшілік және полиция қызметкерлері Қошқар-ата өзенінің рұқсат етілген жерінде шомылуға келген жасөспірімдермен профилактикалық әңгімелесу өткізіп, ересектерге жас балаларды қараусыз қалдыруға жол бермеу туралы еске салынды.

Деседе, өзеннің шомылуға тыйым салынған жерлерінде суға түсуге келген жасөспірімдер, ата-аналар балаларымен, ер азаматтар да табылды. Жасөспірімдерге су қоймаларында қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелері еске салынды. Плакаттарды қолдана отырып, балаларға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайтынын, демалу үшін тек арнайы жабдықталған орындарды таңдау керектігін ересектерге трағы да ескертілді. Сонымен бірге Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастамасымен балаларды жүзуге тегін үйрету ұйымдастырылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар суда ұстай білудің негіздерін үйренеді. Бүгінгі таңда аквапарк иелерімен ынтымақтастық туралы 9 меморандум жасалды. Осы іс-шара аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары тегін жүзуді үйренеді. Бұл әрекет бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға көмектесетіні сөзсіз.

Қала аумағында 18 аквасаябақ пен бассейін бар, соның ішінде 9 аквасаябақта құтқарушылар 500 баланы суда жүзуге үйретеді. Баспасөз-туры барысында «Шар-шара» демалыс орнына Еңбекші ауданынан 10-нан аса балаларға суда жүзу дағдылары үйретілді. Құтқарушы-сүңгуір Олжас Абай бірінші дағды — судан қорықпауды және дұрыс тыныс алуды үйретті. Суда өзін қалай ұстау керектігін білмейтін балалар жүзудің негізгі дағдыларын үйренді. Сабақта балалар нұсқаушыларды мұқият тыңдай отырып, судан қорқуды жеңеді және өмірлік дағдыларды үйренеді. Бұл іс-шараның мақсаты — жазғы уақытта төтенше жағдайлардың алдын алу. Ағымдағы жылдың шомылу кезеңінде суда жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ.

Previous Post

Шымкенттің су арналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Next Post

Пробация қызметі: азаматтарды қоғам өміріне бейімдеу маңызды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі