13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттің су арналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

1 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкенттің су арналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Аталған су арнасының қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 95% аяқталды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкент қаласындағы каналдарда жүріп жатқан құрылыс барысын қадағалады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бүгінде Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты Көксу, Чумчак, «Сай ниже водопада» су арналары күрделі жөндеуден өтуде. Жоба бойынша 13, 5 шақырым «Көксу» арнасының ішіне 210 метрлік бетондалған трапеция, 3,3 шақырым Г тәрізді блок, 10 лоток орнатылады. Сондай-ақ су жіберу нысандары, көлік өткелдері, жаяу жүргінші өткелдерін жөндеу қарастырылған.

Қазіргі уақытта бетондалған трапеция толығымен және Г- тәрізді блоктың 2,5 шақырымы орнатылған. Күрделі жөндеуден өтіп жатқан «ЧУМЧАК» су арнасының жалпы ұзындығы 5,3 шықырым. Жоба бойынша су шығару нысандары мен көлік және жаяу жүргіншілер өткелдерін жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта жер қазу, көлік өткелі, бетондау, су шығару нысанын орнату жұмыстары толығымен аяқталып, су жіберу нысандары арқылы жергілікті тұрғындарға су берілуде. Аталған су арнасының қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 95% аяқталды. «Сай ниже водопада» су арнасында да күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Жобада арнаның жалпы ұзындығы 8,2 шақырым, оның ішінде 504 метрлік блок, 10 лотогын ауыстыру қарастырылған. Сондай-ақ, су жіберу және тоспалаушы нысандарда жөндеу енгізілген. Қазіргі таңда лотоктар мен блок орнатылып, таспалаушы нысанды жөндеу аяқталған. Мұрат Дүйсенбекұлы каналдардың құрылысын сапалы атқарып, жұмыстарды өндірістік кестеге сай жүргізуді тапсырды.

Айта кетейік, өткен жылы егістік жерлерді суару каналдарының су өткізу қабілетін жақсартуда мемлекеттік-жекешелік əріптестік аясында жалпы ұзындығы 197 шақырымды құрайтын 24 каналға, атап айтқанда, «Мешіт», «Темір», «Қызыл су», «Чинат-2», «Бозарық», «Құрала»с, «Улух», «Улух-«2, «Чумчак», «Шымкент», «Янгибай», «Текесу», «Көкбұлақ», «Қызыл сеңгі»р, «Гүлдіреуін-1», «Гүлдіреуін-2», «Гүлдіреуін-3», «Сасық -1», «Ақсай-Қарабастау», «Жаңа шек, , «Ынтымақ», «Компас, «Тоғыс, «Сасық» және 2 өзенге (Қошқар ата, Қарасу) механикалық және қолмен тазалау жұмыстары жүргізілген болатын.

Previous Post

Шымкентте әлеуметтік қызметтер порталына 30 мыңға жуық өтінім түскен

Next Post

Шомылу маусымы: қауіпсіздік шараларын сақтау міндет

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі