Бүгінде Төлеби аудандық балалар көркемсурет мектебі оқушыларының пленэрлік сабақтары өтуде. Ашық далада өтіп жатқан аталмыш сабақтарға көркемсурет мектебінің 1-3 сыныптарының 159 оқушысы қатысуда.
Бұл жөнінде аталған мектеп директорының орынбасары Бекетова Гүлсәбира Тұрсынқұлқызы:
«Мектебімізде сурет, кескіндеме, мүсін, өнер тарихы, қолданбалы композиция, композиция, компьютерлік графика пәндері оқытылып, пленэр практикалық сабағы өтеді. Осы айдың 2-сі күні басталған пленэрлік сабақтар 15 маусымға дейін жалғаспақ. Мұндай сабақтар табиғат жағдайында оқушылар білімін тереңдетуге, олардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, эстетикалық талғамын, шығармашылық белсенділігін, бейнелеу өнері дағдыларын жетілдіруге, сергуге зор мүмкіндік береді»,- дейді.
Қазірдің өзінде 10 мектеп бітіруші шығармашылық жұмыстарын 15 маусым күні қорғауға дайындық үстінде. Жалпы, биыл аталған мектеп 271 оқушымен оқу жылын аяқтауда.
Күмбезі көкке тірелген киелі Түркістан, ертеректе Ұлы Жібек жолының жан-жақты дамыған шаhары болып келсе, соңғы кезде танымастай түрленіп, бүкіл Түркі елінің мәдени қара шаңырағы атанып отыр. Осы мәдени өркендеуіне тұспа-тұс бой көтерген балалар қолөнер мектебінің аз ғана уақыттың ішінде қосқан өзіндік үлестері де бар.
Күмбезі көкке тірелген киелі Түркістан, ертеректе Ұлы Жібек жолының жан-жақты дамыған шаhары болып келсе, соңғы кезде танымастай түрленіп, бүкіл Түркі елінің мәдени қара шаңырағы атанып отыр. Осы мәдени өркендеуіне тұспа-тұс бой көтерген балалар қолөнер мектебінің аз ғана уақыттың ішінде қосқан өзіндік үлестері де бар.2014 қыркүйектен бастап «Түркістан қаласының балалар қолөнер мектебі» болып жұмысын бастады және алғашқы оқушыларын қабылдады. Мектеп республика көлеміндегі жалғыз «Балалар қолөнер мектебі».2015 жылдың Шымкент қаласында өткен «Оңтүстік көркі – Красота юга» атты қолөнершілер мен қолданбалы өнер шеберлерінің облыстық көрмесінде мектеп ұжымы «Ең үздік кәдесый бұйымы» номинациясы бойынша І орынды иемденді.
Бұл мектептің облыстық деңгейдегі алғашқы байқауы еді. 2015 жылы Алматы қаласында ұйымдастырылған дәстүрлі республикалық «Шебер – 2015» байқауына ұстаз – шеберлеріміз Қ.Тасов, Н.Аманқұл және Д.Миншариповтер қатысып, байқаудың бас жүлдесін, ағаш өңдеу шебері Д.Миншарипов пен тері және былғары өңдеу шебері Н.Аманқұл І орынды жеңіп алып, арнайы сертификаттармен марапатталды. Аталған байқауда ұстаз-шеберлерімізге «Қазақстан Республикасы Қолөнершілер Одағының мүшелері» атағы берілді және тәжірибе алмасу мақсатында Малайзия еліне жолдаманы жеңіп алды. 2016 жылы Абу Даби қаласындағы «Өнер фестиваліне» зергерлік өнердің шебері, ЮНЕСКО қорының және Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, мектебіміздің ұстаз-шебері Қалмырза Тасов қатысып, атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық өнеріміздің, яғни алтыннан сырға, күмістен алқа, жүзік, білезіктерді ұлттық нақышта жасап, екі ай сырт елде жүріп, сәндік бұйымдардың рухани құдіреттерін таныстырды.
Сондай-ақ, 2021 жылы желтоқсанда, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, ұстаз-шеберіміз ЮНЕСКО қорының, Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының, Қазақстан Республикасы Қолөнершілер Одағының мүшесі Бейсенова Жұпар, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» атағымен және төсбелгісімен марапатталды.