13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АРЫС: ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНДЕ ЭСТАФЕТАЛЫҚ ОЙЫН ӨТТІ

7 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
АРЫС: ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНДЕ ЭСТАФЕТАЛЫҚ ОЙЫН ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Арыс қаласының білім бөліміне қарасты М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің жанынан ашылған жазғы сауықтыру лагерінде «Толағай» эстафеталық ойыны өтті.

Оқушылар 3-топқа — 10 оқушыдан бөлініп, сайысқа түсті.
1.»Жас ұлан»
2.»Достық»
3.Қыран топтары.
Мақсат — оқушыларды спортқа баулу, жылдамдық пен дәлдікке үйрету, бірін-бірі сөзсіз ұға білуге дағдыландыру. Сондай-ақ, топпен жұмыс жасау қабілеттерін арттыру.
Ойын қорытындысы бойынша «Жас ұлан» тобы 98 балмен ІІІ-орын;
«Қыран»тобы 102 балмен ІІ-ші орын;
«Достық» тобы 104 балмен І-орынды жеңіп алды.
Ойын тартысты, әрі қызықты өтті.
Қатысқан топтарға арнайы сыйлықтар үлестірілді.

Айта кетсек, 2022-2023 оқу жылында облыста 17 жазғы сауықтыру лагерлері қызмет көрсетіп, жалпы қала сыртындағы лагерлер – 41 597 баланы, мектеп жанындағы лагерлер – 153 000 баланы қамтылып отыр. Лагерлерде әлеуметтік жағдайына байланысты 23 207 бала бюджет есебінен тегін, 15 мыңға жуық бала ата-аналар есебінен ақылы демалуда. Бір баланың жазғы сауықтыру құны – 30 252 теңге. Сонымен қатар, «Қазақстан Халқына» Қоры есебінен облыста 3 390 бала жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылмақ. Сондай-ақ, мектеп жанындағы бір мезгілгі тамақпен қамтитын – 330 лагерь, 580 ойын-сауықтыру алаңшалары балалар үшін тегін қызмет көрсетуде. Ал қала сыртындағы лагерлер маусым айының бірінші онкүндігінде ашылып, жаз бойы 6-8 ауысымда қызмет көрсетпек. Сондай-ақ, «Самал» лагерінде облыстағы 2 отбасылық үлгісіндегі балалар ауылының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 170 тәрбиеленуші жаз бойы демалады. Ал, 1050 бала республикалық «Балдәурен», «Бөбек» оқу-сауықтыру лагерлерінде сауықтырылады. Түркістан облысында балалардың жазғы сауықтыруын ұйымдастыруға Түлкібас ауданы, Машат шатқалында орналасқан мемлекет теңгеріміндегі «Самал» және «Отырар» жазғы сауықтыру лагерінде бір ауысымда 800 қосымша орын ашылады. Одан бөлек, Бәйдібек ауданда орналасқан «Тау Шыңы» демалыс аймағы жазғы сауықтыру лагері ретінде қосымша 150 орынмен қамтамасыз етілмек. Сонымен қатар, Ордабасыдағы «Орленок» жазғы сауықтыру лагерінің де қайта ашылуы қарастырылып, 150 орындықты 1 жаңа лагерь балаларды қабылдамақ.

Previous Post

Гепатит аурушаңдығының алдын алу

Next Post

ТӨЛЕБИ: ПЛЕНЭРЛІК САБАҚТАР ӨТУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі