13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Шомылу маусымына орай түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр

8 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Шомылу маусымына орай түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Шымкент қаласы Абай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері Азаматтық қорғаныс басқармасы мен Жедел құтқару жасағы өкілдерімен бірлесе қаладағы Самал-3 шағынауданында орналасқан демалыс орындарының бірінде шомылу маусымына орай түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Кездесу барысында құтқарушылар суға батқан адамға көрсетілетін алғашқы көмек барысын көрсетті.

Сондай-ақ, тұрғындарға судағы қауіпсіздік шаралары қосымша ескертіліп, арнайы жадынамалар таратылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жазғы сауықтыру лагерлерінде де жалғасуда. Төтеншеліктер балаларға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шараларын түсіндіруде. Жазғы шомылу маусымының басталуына орай, қала аумағында Тоғыс және Бадам су қоймаларындағы «Холодильник» және «Рахат Бадам» демалыс орындарында, Қошқар ата өзенінің бастауында және қаладағы жеке аквасаябақтарда шомылуға рұқсат етілген.

Сонымен бірге, шомылуға тыйым салынған 13 су айдындары ресми түрде айқындалған. Олар «Текесу», «Ақжар» су қоймалары; «Бадам», «Сайрам», «Қарасу» өзендерінің барлық арнасы; «Шымкент магистральды каналы; «Янги-шек», «Азат», «Көкбұлақ», «Хауау», «Сасық» каналдары, «Қайнарбұлақ» жасанды көлі; «Қошқар ата» өзенінің (өзеннің бастауынан басқа) барлық арнасы.

Су айдынында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар:

— Бейтаныс жерлерде шомылмаңыз;

— Суға мас күйінде түспеңіз;

— Балаларды судың маңайында қараусыз қалдырмаңыздар;

— Жүзу үшін тақтайша, камера, пенопласт, үрмелі матрастарды қолданбаңыз;

— Жүзу білмесеңіз, суға беліңізден жоғары түспеңіз;

— Түнде суға шомылмаңыздар; — Жағалаудан алыс жүзіп кетпеңіз.

Айта кетейік, шомылуға рұқсат етілмеген орындарда және қала ішіндегі субұрқақтарға суға түсу адам өміріне қауіпті екенін ескертеміз!

Previous Post

ТӨЛЕБИ: ПЛЕНЭРЛІК САБАҚТАР ӨТУДЕ

Next Post

Шымкентте «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында кездесу өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі