13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АРЫС: ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНДЕ ЭСТАФЕТАЛЫҚ ОЙЫН ӨТТІ

8 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
АРЫС: ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНДЕ ЭСТАФЕТАЛЫҚ ОЙЫН ӨТТІ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Арыс қаласының білім бөліміне қарасты М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің жанынан ашылған жазғы сауықтыру лагерінде «Толағай» эстафеталық ойыны өтті.

Оқушылар 3-топқа — 10 оқушыдан бөлініп, сайысқа түсті.
1.»Жас ұлан»
2.»Достық»
3.Қыран топтары.

Мақсат — оқушыларды спортқа баулу, жылдамдық пен дәлдікке үйрету, бірін-бірі сөзсіз ұға білуге дағдыландыру. Сондай-ақ, топпен жұмыс жасау қабілеттерін арттыру болып табылады.

Ойын қорытындысы бойынша «Жас ұлан» тобы 98 балмен ІІІ-орын;
«Қыран»тобы 102 балмен ІІ-ші орын;
«Достық» тобы 104 балмен І-орынды жеңіп алды.
Ойын тартысты, әрі қызықты өтті.

Қатысқан топтарға арнайы сыйлықтар үлестірілді.
Айта кетсек, Түркістан облысында балаларға арналған жазғы 9 лагерь өз жұмысын бастаған.Солардың бірі — Төлеби ауданына қарасты, Екпінді ауылында орналасқан «Біркөлік шатқалы» балалар лагері. 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан лагерьдің 250 балаға демалыс орны қарастырылған. Қазіргі таңда онда 250 бала болса, олардың 200-і Қазығұрт ауданынан, қалғаны еліміздің әр өңірінен келген балалар. Лагерьге 16 жасқа дейінгі балалар қабылданады. «Біркөлік шатқалы» балалар лагері 9 корпустан тұрады. Жаз бойы лагерьде 7 ауысым болады. Әр ауысымда 8 топ, екі тәрбиеші бар. Балалар бос уақытта бейімділігіне қарай шахмат, футбол, волейбол ойындарына қатысып, өздерінің қабілеттерін шыңдай алады.

Күнделікті екі мезгіл іс-шара өтіп отырады. Балалардың жазғы демалысын әсерлі, мәнді ұйымдастырудан бөлек, олардың қауіпсіз жағдайда демалуын қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Лагерьлердегі қауіпсіздікті бірнеше органдар қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі орталықтардың санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеріп, арнайы қорытынды берілген. Одан кейін төтеншеліктер өрт қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, балалардың суға шомылу қауіпсіздігі қарастырылған. Ал полиция органдары болса, лагерь аумағында қоғамдық тәртіпке жауапты.

Биыл жазғы лагерьлерде жалпы 2 000 баланы қамту жоспарланған. Көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына тегін жолдама ұйымдастырылған. Балалар күнделікті 4 мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. 10 күндік демалыс кестесіне сәйкес жоспар бекітіліп, балалардың уақытын тиімді өткізу басқарма тарапынан бақылауға алынған.

Previous Post

ОТЫРАРДА СЕМИНАР - КЕҢЕС ӨТТІ

Next Post

«MEKTEП OnLine» платформасы арқылы оқудағы кедергілерді жеңуге болады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі