Отырар аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ө.Жәнібеков атындағы жалпы орта лицей -интернатында семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңеске Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Кәмелетке толмағандарды әлеуметтендіру» бөлімінің маманы Еркін Бекжанов, Отырар аудандық білім бөлімінің әдіскері Ерлан Қалымбетов, бөлімге қарасты негізгі орта, жалпы орта мектеп директорлары мен әлеуметтік педагогтары қатысты.
Аталған іс-шараның басты мақсаты: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысында айқындалған әлеуметтік осал отбасы балаларының 2023 жылы материалдық көмек көрсету барысындағы білім беру ұйымдары басшылармен әлеуметтік педагогтердің іс-қимыл әрекеттерін түсіндіру болып табылады. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты,өте жауапкершіл педагог — мамандардың кажеттігін мойындап отыр. Себебі, адам тағдырында мектептік кезең аса маңызды рөл атқарады. Балалардың өмір бастауында жетесіз педагог тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды.
Сондықтан да педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни, педагог шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті,мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс.
Қоғам дамуының жаңа саяси, әлеуметтік-экономикалық шарттарына байланысты болған білім саласындағы түбірлі өзгерістер қазіргі маманның кәсіптік шеберлігінің жоғарғы деңгейде болуын талап етеді. Педагогтың жұмысына қажет маңызды шарттардың бірі — өз ісі үшін жауапкершілік қана емес, оның жұмыстағы бостандығы еркіндігінің болуы. Педагог өзі істеген барлық жұмысына жауап бере алатын, дербес білімді маман болуы керек. Сонымен қатар, жиын барысында 2023-2024 оқу жылында жергілікті бюджеттен 1-4 сынып оқушыларына бір мезгіл ыстық тамақ берілетіні жөнінде айтылды. Және де ыстық тамақпен қамту, киім-кешек пен мектепке қажет заттарға қаржы беру мәселесіне қатысты жұмыс жүргізу реті мен заңдылықтары түсіндірілді.
Қатысушылар әлеуметтік сала бойынша маңызды сұрақтар қойып, мамандар тарапынан толық жауап алды.