13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: 50 мекеме квота бойынша мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа қабылдайды

22 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: 50 мекеме квота бойынша мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа қабылдайды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі күні 28 жұмыс беруші мекемеге 60 азамат жолданды. Шымкент қаласында 50 мекеме квота бойынша мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа қабылдайды. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қаулысына сәйкес, бұл мақсатта 227 жұмыс орнына квота белгіленген. Бүгінгі күні 28 жұмыс беруші мекемеге 60 азамат жолданды. Мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту ісінде «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығының үлесі орасан.

Орталық мамандары ерекше азаматтардың қала өміріне белсене араласуына мүмкіндік жасау және оларға көрсетілетін қызмет түрлерін қолжетімді ету, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында қызмет көрсетеді. Құрмантай Тұрысбек «Тең қоғам» орталығы арқылы жұмысқа орналасқан азаматтардың бірі. 21 жастағы жігіт 3-ші топ мүгедегі. Әлеуметтік қызметкерлердің көмегімен ол қаладағы №10-шы жалпы орта білім беру мектебіне жұмысшы болып орналасқан. — Мектеп ауласында гүлдерді суғарып, көгалдандырумен айналысамын. Колледжде ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша білім алғандықтан қазіргі жұмысым өзіме ұнайды. Ұжымы да өте ұйымшыл, мейірімді. Жұмысқа орналасуға көмек берген мамандарға алғысымды білдіремін, — дейді Құрмантай Тұрысбек.

«Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығының қызметкерлері мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастырумен қатар, ақпараттық-консультациялық көмектер, құқықтық және психологиялық кеңестер береді. Инватакси және әлеуметтік такси қызметі бойынша өтінімдерді қабылдайды. Жалпы Шымкент қаласы бойынша биыл 1 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат жұмыспен қамту шараларымен қамтылған. Олар әлеуметтік жұмыс орындары, атап айтқанда жастар практикасы, қоғамдық және алғашқы жұмыс орны, «Күміс жас» жобасымен орналасты. Сонымен қатар, 737 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға жолданып, 35 азамат жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған мемлекеттік грант бойынша комиссияның қорытындысымен оң шешім алған.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Су айдындарынан бактериологиялық зерттеуге сынама алынды

Next Post

Түркістан облысы: Отбасылық "Толағай" сайысы өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі