13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Су айдындарынан бактериологиялық зерттеуге сынама алынды

22 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Су айдындарынан бактериологиялық зерттеуге сынама алынды
Share on FacebookShare on Twitter

Сынама алынған орындардың барлығы санитариялық нормаларға сай келеді. Шымкент қаласындағы су айдындарынан бактериологиялық зерттеуге сынама алынды. Бұл туралы Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ахметов Алдарқұл Райымқұлұлы брифинг барысында мәлімдеді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жазғы кезеңде қала аумағындағы шомылу және демалу орындардағы жүзу бассейндері мен ашық су қоймалары суының сапасына және орталықтанған су құбырынан алынатын жүзу бассейндерінен зертханалық зерттеулерге сынама алумен мониторинг жүргізеді. Осы ретте маусымдық шомылу кезеңінің басталуына байланысты түрлі инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында мониторинг бойынша осы жылдың маусым айында су айдындарындағы судың сапасына бактериологиялық зерттеулер жүргізу үшін 13 сынама, санитариялық-химиялық зерттеулер үшін 9 сынама, тырысқақ ауруына 84 су сынамасы алынды. Сынама алынған орындардың барлығы санитариялық нормаларға сай келеді.

Айта кетейік, Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті демалу орындарының әкімшілігі тарапынан өндірістік зертханалық бақылауды қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстар жүргізілуі тиістігін ескертеді. Өндірістік зертханалық бақылау тәртібі бойынша жүргізілген талдау нәтижелері қанағаттанарлықсыз болған жағдайда ақпарат 24 сағат ішінде міндетті түрде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне жіберіледі. Бұл жағдайда бассейн жабылып, бассейннің қалыбы шайылып дезинфекцияланады.

Сондай-ақ, күрделі жинау, қажет болған жағдайда қосымша микробиологиялық және паразитологиялық зерттеулер жүргізіледі. Еске сала кетейік, Шымкент қаласы аумағында 18-ден аса шомылу орындары бар, оның ішінде 8-і жазғы демалыс ұйымдары.

Previous Post

Гепатит аурушаңдығының алдын алу

Next Post

ШЫМКЕНТ: 50 мекеме квота бойынша мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа қабылдайды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі