Вирустық гепатит жалпы клиникалық белгілері бойынша жіті және созылмалы болып бөлінеді. Созылмалы вирусты гепатит дегеніміз 6 айдан және одан да көп уақытқа созылатын бауырдың қабынуы. Жіті вирусты гепатитті уақытында емдемесе, созылмалы гепатитке айналады. Жалпы гепатиттің А, В, С, Д, Е деген 5 түрі болады. Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, белгілері де әртүрлі. А және Е вирусты гепатиті ішек инфекцияларынан Е гепатиті қауіпті саналса, парентеральды В, С, Д гепатиттері ауыр асқынуларға жалғасу қауіптілігімен ерекшеленеді.
Гепатиттің А және E типтері эпидемиялық таралуға, ал В, С, D вирустық гепатит аурудың өршуіне әкелетін әлеуетіне байланысты үлкен проблема болып табылады. А және Е түрлері ластанған суды немесе тағамдарды қолданудан, тұрмыстық жағдай қатынастарында пайда болады. В, С және D гепатиті ағзаны жұқтырғыш сұйықтықтарымен парентеральды байланыс нәтижесінде дамиды. В, С гепатиттік вирустардың кең таралған жұқтыру жолдарына вирусы бар қанды құю, ластанған жабдықты қолданып инвазивті медициналық процедуралар және В гепатитіне қатысты босану кезінде анадан балаға, отбасы мүшесінен балаға, сондай-ақ жыныстық қатынас арқылы жұғулар жатады. Сондай-ақ вирус тасымалдаушымен тығыз байланыста болу негізгі жұқтыру жолдарының бірі болып табылады.
А вирустық гепатитті жұқтырудың жасырын (инкубациялық) кезеңі 7-50 күн, орташа 35 күн болса, парентеральды гепатиттердің инкубациялық кезеңі 6 айға дейін созылады.
Созылмалы вирустық гепатит біраз уақытқа дейін клиникалық түрде адамға білінбеуі мүмкін.
Вирусты гепатиттің белгілері;
- бауыр көлемінің ұлғаюы;
- іштің ауырлығы немесе жайсыздық (бауыр орналасқан оң жақта);
- оң жақ қабырға астының сыздап ауыруы, майлы тағамның жақпауы және т.б.;
- әлсіреу, шаршау;
- тәбеттің болмауы, жүрек айну;
- үлкен дәрет түсінің өзгеруі (ашық бола бастайды);
- терінің және көз ағының сарғыштануы (сары ауру).
Аталған белгілер байқалған жағдайда бірден медицина мамандарына қаралу қажет.
Аурудың алдын алу үшін; Гепатитке қарсы вакцина салдыру!
Иммундау шараларының арқасында жыл сайын 2-3 миллион адамды өлімнен арашалауға мүмкіндік бар. Қазіргі таңда A және B гепатитіне қарсы вакциналар бар. В гепатитіне қарсы салынатын вакцина D гепатитінің алдын алуға көмектеседі. Ал, С гепатитіне қарсы тиімді вакцина әзірге шығарылмаған.
Н.Нышанов
Түркістан облысының СЭБД басшысы