Жаз келгеннен көпшілік су айдындарына қарай ағылатыны белгілі. Алайда, шомылуға рұқсат етілген арнайы орындарға барған дұрыс. Жалпы демалыс орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар ҚР ДСМ 2022 жылғы 26 шілдедегі «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» №ҚР ДСМ-67 бұйрығымен айқындалған. Шомылу маусымы басталар алдында объектінің әкімшілігі су қоймаларының суын санитариялық-химиялық, микробиологиялық, радиологиялық және топыраққа паразитологиялық көрсеткіштерге зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етуі қажет.
Жағажайлар оқшауланған учаскеде, гидроэлектр станциялардан, сарқынды суларды жіберу орындарынан, малдың қорасынан алыста орналастырылады. Су айдынының түбі құмды, балдырсыз болуы керек. Сондай-ақ, жағажайлардың жағалау аймағын қауіпсіздік мақсатында объектінің әкімшілігі бақылап отырады. Жағажай аумағында күннен қорғайтын қалқалар мен орындықтар, шезлонгтар жабдықталады. Киініп-шешіну үшін 50 адамға арналған бір кабина есебімен жалпы немесе жеке кабиналар орнатылады. Жағажайлардың аумақтарында дәретханалар немесе биодәретханалар 75 келушіге бір орын есебінен орнатылады. Қоғамдық дәретханалар шомылу орнына дейінгі ара қашықтық кемінде 50 м және 200 м артық емес болуы тиіс. Қоқыс жинауға арналған урналар 800 шаршы метр алаңға кемінде бір урна және жағажайдан 40 метр қашықтықта орнатылады. Күнделікті жағажай жабылғанан кейін жағалауды тазалау, киініп-шешінетін орындарды, дәретханаларды тазалау, дезинфекциялау жүргізіледі. Жиналған қалдықтар дер кезінде шығарылады. Жағажайларда кір жууға және жануарларды шомылдыруға тиым салынады. Ішек инфекциясының алдын алу үшін жеке гигиенаны сақтау керек. Ашық су қоймаларының суы ішуге жарамсыз, сондықтан оны ішуге болмайды. Жемістерді, көкөністерді, ыдыстарды жууға, ауыз қуысын шаюға болмайды.
Сонымен қатар шомылу үшін бассейндерде пайдаланады. Бассейннің жүретін жолдары, бассейннің түбі су өтпейтін материалдардан және ылғалға, тазалауға қолданылатын химиялық реагенттер мен дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді болуы қажет. Бассейн үй-жайларында ерлер мен әйелдерге арналған киім ауыстыру орындары, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар, персоналға арналган тұрмыстық бөлмелер, жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтауға арналған қоймалар болу керек. Бассейн суының тазалығын, шомылушылар мен қызметкерлер жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау қажет. Бассейн суы рұқсат етілген жуу-тазалау және залалсыздандырылу құралдарын қолданып, уақытылы залалсызданыруы тиіс. Ересектерге арналған бассейн суынын температурасы 24-25 градус және балаларға арналған бассейн суы 30-32 градус болу қажет. Шомылудан кейін жағымсыз салдардың алдын алу үшін қарапайым жеке гигиена ережелерін сақтау керек, яғни бассейнге түскенге дейін және кейін душ қабылдау керек.
Сондай-ақ, су айдындарында шомылуға тыйым салатын арнайы ақпараттық белгілерге мұқият назар аудару керек!
Н.Нышанов
Түркістан облысы СЭБД басшысы