13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: Отбасылық «Толағай» сайысы өтті

22 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: Отбасылық «Толағай» сайысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Ащысай ауылында отбасылық «Толағай» сайысы өтті. Сайысқа жалпы 6 команда қатысты. Олар: «Қыран» командасы, «Бейсенбаевтар» отбасы,»Бірлік» командасы,»Ынтымақ» командасы, «Шаңырақ» командасы, «Сұңқар» командасы. Көңілді спорттық сайыстардан құралған «Толағай» отбасылық ойыны қызыққа толы болды. Әр отбасының ынтымағы мен бірлігін, жылулығы мен татулығын арттырып, спортқа жақындастыратын бұл ойында «Ынтымақ» командасы 3 орын, «Бірлік» командасы 2 орын, «Бейсенбаевтар» отбасы 1 орын иеленді.

Жарысқа қатысқан барлық командаларға ауыл әкімінің тиісті дәрежедегі мадақтамасымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Осылайша өңірдің білім ұяларында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата – ана мен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату, оқушыларды және ата — аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру мақсатыда орындалып келеді. Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата — ана шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.

Оқушылар сайыстың әр кезеңіне белсене қатысты. Сыныптың басқа балалары жанкүйер болып, сыныптастарына қолдау көрсетті.Түрлі іс-шаралар арасында отбасыларға арналған «Толағай» отбасылық сайысы ерекше өткенін айта кету керек. Отбасылық командалар жарыс алаңында бақтарын сынап, сайысқа белсене қатысты.

Айта кетсек, 2022-2023 оқу жылында облыста 17 жазғы сауықтыру лагерлері қызмет көрсетіп, жалпы қала сыртындағы лагерлер – 41 597 баланы, мектеп жанындағы лагерлер – 153 000 баланы қамтылып отыр. Лагерлерде әлеуметтік жағдайына байланысты 23 207 бала бюджет есебінен тегін, 15 мыңға жуық бала ата-аналар есебінен ақылы демалуда. Бір баланың жазғы сауықтыру құны – 30 252 теңге. Сонымен қатар, «Қазақстан Халқына» Қоры есебінен облыста 3 390 бала жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылмақ. Сондай-ақ, мектеп жанындағы бір мезгілгі тамақпен қамтитын – 330 лагерь, 580 ойын-сауықтыру алаңшалары балалар үшін тегін қызмет көрсетуде.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: 50 мекеме квота бойынша мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа қабылдайды

Next Post

Шымкентте «Сәтті жарнама» атты қалалық акция өткізіліп жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі