13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Органикалық өнім дегеніміз не?

13 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Органикалық өнім дегеніміз не?
Share on FacebookShare on Twitter

Органикалық ауылшаруашылығы , жалпы алғанда ауылшаруашылық әдісі, бұл ауылшаруашылық өнімдерін өсіру және топырақ өндеу кезінде ешқандай химакаттарға жатпайды, ал осы әдіспен алынған өнімдер органикалық өнімдер болып табылады. Органикалық ауылшаруашылығы топырақ құрылымын сақтау арқылы биоәртүрлілікті қолдайды, эрозияның алдын алады, қоршаған ортаның ластануын азайтады және топырақтың органикалық құрылымын бұзбай дақылдарды егуге мүмкіндік береді.

Органикалық өсірілген жемістер мен көкөністерде  басқа дәстүрлі ауылшаруашылық әдістерімен өсірілген басқа өнімдермен салыстырғанда С дәрумені, микроэлементтер  мен антиоксидантты заттар көп. Сауда нарығында экологиялық таза, органикалық жолмен алынған өнімдердің бағасы едәуір жоғары болып келеді. Себебі,органикалық өндірісте химиялық қоспаларды пайдалануға жол берілмейді.

Қазақстанда органикалық ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында «Органикалық өнім өндіру туралы» заңы бекітілген. Органикалық өнімді өндірушілер осы заңның мынадай талаптарын ескеруі тиіс:

1) сау жануарлар және сау өсімдіктерден алынған қауіпсіз өнім мен шикізатты пайдалану;

2) синтетикалық заттарды, пестицидтерді, гормондарды, антибиотиктерді және тамақ қоспаларын қолдануды болғызбау;

3) генетикалық түрлендірілген объектілерді (ГТО) қолдануды болғызбау;

4) иондаушы сәулені қолдануды болғызбау;

5) топырақ құнарлылығын сақтау т.б.

Органикалық өнімді таңбалау кезінде «био», «эко», «органик» деген белгілемелерді пайдалануға рұқсат беріледі. Ал, органикалық өнімнің талаптарға сәйкестігін сәйкестік сертификатымен растайды және ол ерікті сипатта болады. Органикалық өнім өндіру мен органикалық өнімнің сәйкестігін растау осы Заңға, органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларына, сондай-ақ қолданыстағы стандарттарға сәйкестігіне жүзеге асырылады.

Органикалық өнім өндіру мен оның айналымының қағидалары «Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын бекіту туралы» ҚР АШМ 2016 жылғы 23 мамырдағы №230 бұйрығында айқындалған. Бұйрық «Органикалық өнім өндіру туралы» заңға сәйкес бекітілген және онда органикалық өсімдік шаруашылығының, органикалық мал шаруашылығының, құс шаруашылығының, балықтар мен басқа су жануарларын органикалық өсіру, бал ара шаруашылығындағы органикалық өндіріс, органикалық өнім айналымы мен органикалық өнімді буып түю, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату, жою қағидалары регламенттелген.

Органикалық өнімді өндіруші осы жоғарыда аталған заңнама талаптары мен қағидаларын сақтауға міндетті.

А.Бухарбаева

Бәйдібек аудандық СЭББ жетекші маманы

Tags: 13kz13kz.kz13кзБәйдібек аудандық СЭББТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

СІБІР ЖАРАСЫНЫҢ ҚАУІПТІЛІІГІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КЕЗЕКТІ АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі