13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КЕЗЕКТІ АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

13 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КЕЗЕКТІ АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы кезекті аппарат жиынын өткізді. Оған Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының жауапты мамандары, аудан/қаладағы білім бөлімдері түгелдей қатысты.

Күн тәртібінде – өңір аймақтарындағы жазғы сауықтыру лагерлерінің бүгінгі тыныс-тіршілігі, жай-күйі сөз болды.

Жалпы, биылғы 2022-2023 оқу жылында облыста 17 жазғы сауықтыру лагерлері қызмет көрсетеді деп жоспарланған. Оның ішінде қала сыртындағы лагерлер – 41 597 балаға, мектеп жанындағы лагерлер – 153 000 балаға ұйымдастырылады.
Басқарма басшысы Дінислам Болатханұлы, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстың нәтижелігіне қатысты бірқатар аудан/қаладағы білім бөлімі басшыларымен ZOOM платформасы арқылы сұрақтар қойып, жеке-жеке жауаптарын тыңдады.

Жиын барысында тиісті мамандарға нақты міндеттер жүктеп, назарға алу, зерделеу, қажетті қолдауларды көрсету үшін жан-жақты жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Айта кетейік, 2023 жылы 1050 бала «Балдәурен» және «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру лагерлерінде сауықтырылады. «Самал» лагерінде облыстағы 2 отбасылық үлгісіндегі балалар ауылының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 170 тәрбиеленуші жаз бойы демалады.

Қосымша ақпарат, Түркістан облысында балаларға арналған жазғы 9 лагерь өз жұмысын бастаған.Солардың бірі — Төлеби ауданына қарасты, Екпінді ауылында орналасқан «Біркөлік шатқалы» балалар лагері. 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан лагерьдің 250 балаға демалыс орны қарастырылған. Қазіргі таңда онда 250 бала болса, олардың 200-і Қазығұрт ауданынан, қалғаны еліміздің әр өңірінен келген балалар. Лагерьге 16 жасқа дейінгі балалар қабылданады. «Біркөлік шатқалы» балалар лагері 9 корпустан тұрады. Жаз бойы лагерьде 7 ауысым болады. Әр ауысымда 8 топ, екі тәрбиеші бар. Балалар бос уақытта бейімділігіне қарай шахмат, футбол, волейбол ойындарына қатысып, өздерінің қабілеттерін шыңдай алады. Күнделікті екі мезгіл іс-шара өтіп отырады.

Previous Post

Органикалық өнім дегеніміз не?

Next Post

КЕҢЕСТЕРДІҢ БІРЛЕСКЕН МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі