13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Тырысқақ (холера) инфекциясының зардабы қандай?

5 июня, 2023
in Денсаулық
0
Тырысқақ (холера) инфекциясының зардабы қандай?
Share on FacebookShare on Twitter

Тырысқақ – аса қауіпті карантиндік, жедел жұқпалы ауру. Қоздырғыштары  суда, ашық су қоймаларында, тағамдарда кездесуі мүмкін. Инфекция адамнан адамға ауа арқылы жұқпайды. Адам инфицирленген суды қолданғанда, инфицирленген суда шомылған жағдайда, тағам өнімдерінде қоздырғыш көп мөлшерде болғанда, қоздырғышпен зақымдалған ыдыс, кір қол арқылы және дертке шалдыққан адаммен қарым- қатынаста болып, оның заттарын қолданғанда,  жеке бас гигиенасын сақтамаудың салдарынан бактериялар арқылы жұғады.

Инфекция су көздерінде қалай пайда болады?  Ауа райы ысып, су көздері күннің қызуынан жыли бастағанда  холера инфекциясы арта түседі. Инфекцияны жұқтырушылар әсіресе климаты  ыстық елдерде көптеп тіркеледі.

Тырысқақ ауруының симптомдары: ауру жедел басталып, іш жиі өте бастайды, көп сұйықтық жоғалтып, тәулігіне дәреттің жиілігі 5-10 рет, ал ауыр жағдайда одан да көп болуы мүмкін. Науқастың  асқазан-ішек жолдарының қорыту жұмысы бұзылып, құсады, нәжісі иіссіз, түссіз сұйыққа айналады. Денесі тырысып, буындары тартылады, еріндерінің көгеруі, ауызы құрғап, шөлдейді. Кейде өлім жағдайымен де аяқталады.

Алдын – алу жолдары:

Әрбір адам жеке бас гигиенасын қатаң сақтауы керек. Қолды сабынмен жиі жуу, жеміс-жидек пен көкөністерді міндетті түрде жуу, суды және сүтті қайнатып ішу, тағам өнімдеріне шыбын-шіркейлердің ластауынан сақтау. Сонымен қатар, су көздерін әр түрлі ластанулардан сақтау керек. Сонымен қатар, қоқыс жәшіктерінің бетін тығыз жабылғаны дұрыс және де  қоқыстарды жинайтын орындарды жүйелі түрде залалсыздандырып отыру қажет.

Адам ауырған жағдайда  немесе ауруға күдік туған жағдайда дәрігер көмегіне жүгініп,  науқас жұқпалы аурулар ауруханасына оқшаулану керек.

Нұрбек Нышанов

Түркістан облысының СЭБД басшысы

Tags: 13kz13kz.kz13кзТырысқақТүркістанТүркістан облысыхолера
Previous Post

ЖЕТІСАЙ: ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ — «МЕКТЕПКЕ ТАҒЗЫМ»

Next Post

САЙРАМ: ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі