13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙ: ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ — «МЕКТЕПКЕ ТАҒЗЫМ»

5 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙ: ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ — «МЕКТЕПКЕ ТАҒЗЫМ»
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Жетісай аудандық білім бөліміне қарасты І.Есенберлин атындағы №54 жалпы орта мектебінде әр жылдары мектеп бітірген түлектер соңғы қоңырау қарсаңында қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесуі, өз мектебінің, ауылының көркейіп-көріктенуіне үлес қосуы дәстүрге айналды. Биыл да 2002-2003 оқу жылында бітірген 20 жылдық түлектер мектепке Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілер сыйға тартты.
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады. Ұстаздар, ата-аналар, оқушылар түлектерге шексіз алғысын білдіруде. Осы бағыттағы игі істер жалғасын табатыны сөзсіз.

Бұдан өзге, Созақ ауданына қарасты Шолаққорған ауылы және Таукент кентіндегі қос бірдей мұқтаж отбасыға тұрғын үй кілті табысталды. Аудан орталығындағы Тәкен Әлімқұлов атындағы мектеп лицей интернаты мен Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектептерін бітіргеніне 20 жыл болған түлектер жаңа баспана тарту етті.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков игі іске ұйытқы болған түлектерге жылы лебізін білдіріп, игі іске ұйытқы болған түлектерді арнайы Алғыс хатпен марапаттады.
«Бүгін біз өнегелі істің куәсі болып отырмыз. Маңайыңдағы адамдарға мейірімділік пен ізгілік таныту – адамгершіліктің белгісі. Қайырымды болу – адамның болмысына біткен ізгі амал. Еселі еңбектерімен елдің құрметіне, көптің ыстық ықыласына бөлене білген түлектерге шынайы алғысымды білдіремін»,- деді аудан басшысы.

Тарқата айтсақ, Шолаққорған ауылынан берілген жаңа үй асханамен және үйге қажетті тұрмыстық жабдықтармен қамтылған. Су, жылу сынды коммуналдық қызметтері жүргізілген. Жер учаскесі 15 сотықты құрайды. Арнайы шарбақпен қоршалып, қосалқы шаруашылықты дамытуға және бау-бақша өсіруге мүмкіндік бар. Сондай-ақ, Таукент ауылынан берілген баспанада қажетті жабдықтарымен қоса алынып, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.

Айта кетейік, игі шараны қолға алған азаматтар үй егелерін өздері нақтылаған. Ал Шарадара ауданы Қоссейіт ауылдық округіндегі «Сырдария» жалпы орта мектебін 2003 жылы бітірген 1986 жылғы 20 жылдық түлектер көпбалалы Марат Жүнісов деген азаматқа үш бөлмелі тұрғын үйді сыйға тартты.

Previous Post

ӨҢІРДЕГІ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ МАМАНДАРЫ ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ӘРІПТЕСТЕРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

Next Post

Тырысқақ (холера) инфекциясының зардабы қандай?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі