2023-2024 оқу жылында Түркістан облысының білім басқармасының №8 және Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледждері академиялық дербестік бағдарламасы бойынша жұмыс берушілермен бірлесіп, білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оқу мерзімдерін айқындап жұмыс жасау, ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша еліміздегі белсенділігі жоғары колледждермен және әр түрлі елдердің жетекші колледждерімен ынтымақтастықты дамыту, серіктестік қарым-қатынасты орнату үшін жұмыстар жүргізуде.
Осы бағытта №8 және Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай колледж мамандары Өзбекстан республикасының Жоғары білім, ғылым және инновация министрлігіне қарасты мамандарымен келіссөз жүргізіп, «Тoshkent arxitektura va qurilish kasb-hunar kolleji» және «tashkent olmazor yengil sanoat kasb-hunar kolleji» басшыларымен Халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандумға қол қойды.
Меморандум мақсаты — тамақ және жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс салалары бойынша білікті жұмысшы мамандарын даярлау үшін халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырып, тәжірибе алмасу.
Бірлескен практикаға бағдарланған семинарлар, шебер-сыныптар, онлайн-конференциялар, әдістемелік консультациялар, конкурстар өткізу, инновациялық жобалар туралы ақпаратпен алмасу, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында жұмыстар жүргізу.
«Жеңіл өнеркәсібі, құрылыс саласы дамыған көрші елмен жасасқан меморандум сапалы мамандар даярлау бағытындағы жұмыстарымызға тың серпін беріп қана қоймай, аймақтағы жеңіл өнеркәсіптің дамуына жол ашатынына сенеміз»,- деді мамандар.
Айта кетейік, «Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінде» туризм саласының мамандары дайындалуда. Оқу мерзімі 2 жыл 6 ай және 3 жыл 6 ай. Колледжді туризм саласы бойынша бітірген студенттер туристік агенттіктерде, туристік фирмаларда, экскурсия бюроларда, музейлерде, қонақ үйлерде менеджер, ресепшионист, экскурсовод, сату және брондау жүйесі операторы ретінде жемісті еңбек ете алады. «Түркістан облысының орталығы мәртебесіне ие болып, қалаға келетін туристер саны жыл сайын 5-7 миллионнан асуы жоспарланып отыр.
Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінің іргетасы 1935 жылы қаланып, педагогикалық техникум негізінде жұмысын бастаған. Осы аралықта 40 мыңға жуық білікті де тәжірибелі кадрларды дайындап шығарды. Колледжде 110 тәжірибелі инженер-педагог мамандар және екі өндіріс оқыту ұсталары жұмыс істейді. Атап айтсақ, 1 тарих пәндері кандидаты, 30 магистр, 5 магистрант бар. Колледжде 3 бөлім және 6 пән әдістемелік бірлестігі құрылған. Мамандықтар бойынша білім алатындардың сапалы оқуы үшін 37 оқу кабинеті, 9 оқу лабораториясы, 11 оқу өндіріс шеберханалары жұмыс істейді. Колледжде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру, негізгі орта білім, туризм, тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу, есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша мамандықтар дайындалады.