13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мұрат Әйтенов қала экономикасы үшін маңызды жобаларға қолдау көрсетті

9 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Мұрат Әйтенов қала экономикасы үшін маңызды жобаларға қолдау көрсетті
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қала әкімі инвестициялық жобаларды қолдау бағытындағы шаралардың заң шеңберінде атқарылуын қадағалауды тапсырды. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында ауылшарушылығы, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс салаларын дамытуға бағытталған 8 жоба талқыланды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Инвесторлар аэрозоль баллондарының түрлерін, кір сабын, электротехникалық тауарлар өндіру, қойма логистикалық кешенінің құрылысына қатысты мегаполис экономикасы үшін маңызды жобаларын таныстырды.

Отандық инвесторлар жер телімін бөлуге қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын жеткізді. Бизнес өкілдеріне қолдау білдірген Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға инвесторлардың өтініштері бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ инвестициялық жобаларды қолдау бағытындағы шаралардың заң шеңберінде атқарылуын қадағалауды тапсырды.

Айта кетейік, Шымкентте тәулігіне 5 тонна кондитерлік өнім өндіретін зауыттың қазығы қағылмақ. Жоба жүзеге асқан жағдайда 200 азамат жұмыспен қамтылады. Бұдан бөлек, 260 адамды жұмыспен қамтамасыз ететін, жылына 24,8 миллион жұп шұлық өндіретін зауыт құрылысы басталуы ықтимал. Сондай-ақ, «Турсуметова Г.А» ЖШС басшысы Гульноз Абдукахарқызы «Бозарық» агро-индустриалды аймағынан ет, жеміс-жидек, көкөніс жартылай дайын өнім консервілері өндірісін ашуды көздейді. 1,1 млрд теңгені құрайтын инвест жобаның қуаттылығы жылына 15 147,5 тонн өнім болмақ. 2023-2024 жылы жүзеге асырылатын жоба нәтижесінде 135 адам жұмыспен қамтылады.

Ал, «RailNTEX» ЖШС барысы Таир Битенбаев «Оңтүстік» индустриалды аймағынан 5 га жерге өндірістік зауыт салуға ниетті. Инвестициялық салымы – 4,7 миллиард тенгені құрайтын тоқыма және тігін өнімдерін шығаратын өндіріс ошағы бой көтергенде жылына 12 миллион метр өнім өндірілетінін алға тартып, 100 адам жұмыспен қамтылатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, жекеменшік мектеп, жылыжайлар және басқа да өндіріс орындарын ашу жөніндегі бірқатар жобалар ұсынылды. Аталған жобалар жүзеге асқанда қала экономикасына 34,4 миллиард теңге инвестиция тартылып, 1200-ден аса азамат жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.

Previous Post

СОЗАҚТА СЕМИНАР - КЕҢЕС ӨТТІ

Next Post

ШЫМКЕНТ: Әскердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі