Бұл туралы Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы мәлімдеді.Шымкент қаласында әскердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды. Бұл туралы Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы мәлімдеді. Шымкент гарнизонының әскери прокуроры Маханбетов Ғалымжанның төрағалығымен әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының ведомствоаралық кеңесінің отырысы өткізілді.
Кездесу барысында 2022 жылы және 2023 жылдың өткен кезеңінде әскердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайтуға, азаматтарды мерзім әскери қызметке шақыру және аумақтық қорғаныс жұмысының жай-күйіне қатысты мәселелер талқыланды. Кеңес отырысына әскери құқық қорғау органдарының басшылары, Шымкент және Арыс гарнизондарының әскери бөлімдері мен мекемелерінің басшылары мен жауапты лауазымды тұлғалары, Шымкент қаласы мен Түркістан облысы әкімдіктерінің, денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері қатысты. Гарнизон әскери прокуроры өз сөзінде қатысушылардың назарын қылмыстың 14-тен 5-ке дейін төмендеуіне байланысты криминогендік жағдайдың оң динамиканы көрсетуіне, сондай-ақ жекелеген әскери органдардың құқықтық және әскери тәртіпті нығайту бойынша жұмыстарды белсендіру қажеттілігіне аударды.
Отырыс барысында азаматтарды мерзім әскери қызметке шақыруды, жұмылдыру және аумақтық қорғанысты ұйымдастыру мәселелері бөлек талқыланып, жергілікті әскери басқару органдарының басшылығына жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірге орын алған проблемалық мәселелерді шешу жолдарын әзірлеуге нұсқау берілді. Ведомствоаралық кеңестің нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданып, келесі өткізілетін кеңестің күні белгіленді.
Айта кетейік, Шымкент гарнизонының әскери бөлімдерінде жаздың алғашқы күндерінен бастап дәстүрлі түрде жаңа оқу кезеңінің басында барлық санаттағы әскери қызметшілермен өткізілетін тактикалық-саптық сабақтар өтті. Сабақ барысында олар дабыл бойынша дағдыларын бөлім бойынша кезекшінің іс-қимылынан бастап техниканың жауынгерлік машиналар паркінен шығуына дейін, сондай-ақ басқа бөлімшелермен өзара іс-қимылды ұйымдастыруды пысықтады.