13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Мирас, Шапағат-2 шағын аудандарында кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізіліп жатыр 

7 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Мирас, Шапағат-2 шағын аудандарында кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізіліп жатыр 
Share on FacebookShare on Twitter

Аталған елдімекендерге канализациялық желілерді жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2020 жылы сараптамалық қорытынды алынған болатын. Шымкент қаласы Мирас, Шапағат-2 шағын аудандарында кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған елдімекендерге канализациялық желілерді жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2020 жылы сараптамалық қорытынды алынған болатын.

Мердігер мекеме 2021-2023 жылдарға құрылыс жұмыстарына бөлінген бюджет қаражаты есебінен кәріз желілерін тартуда. Қазіргі таңда қаламыздағы 81 шағынауданның 24-і канализациямен қамтамасыз етілген. Биыл Тассай, Тұран (ішкі жүйесі), Қайтпас-2, 112- орам, Бозарық шағынаудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде қалада кәрізбен қамту көрсеткіші 60%-дан 65 %-ға артатын болады. Мирас-Шапағат-2 нысанында жоспар бойынша жалпы ұзындығы 50,4 шақырым құбыр жүргізіледі. Осыған дейін жұмыстардың 69% аяқталған.

Жалпы 30 адам, 7 арнайы техника жұмылдырылған нысанның құрылыс жұмыстары толығымен 2024 жылы аяқталатын болады. Жоспар бойынша 2024 жылы 1. КОС-1; 2. Рысқұловтан КОС-1ге; 3. Забадам КОС-1ге; 4. Елтай; 5. Жыланбұзған; 6. Айнатас; 7. Бадам 1-2; 8. Шаңырақ; 9. Айқап; 10. Тұран коллектор; 11. Төлеметов коллектор; 12. Нұртас шағынаудандарында кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Одан бөлек, жыл соңына дейін 72 мыңға жуық адам сапалы ауыз сумен қамтылады.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңда 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтылған. Қалған Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері кестемен қамтамасыз етілуде. Биыл Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы, Жаңа құрылыс аудандарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылдың қорытындысымен 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 72 мыңға жуық адам сапалы ауыз сумен қамтылып, Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамту ету көрсеткіші 98,5%-дан 100%-ға дейін өседі.

Previous Post

ТҮЛКІБАС: ӘЛЕУМЕТТІК - ПЕДАГОГ МАМАНДАРМЕН СЕМИНАР - КЕҢЕС ӨТТІ

Next Post

Шымкентте орманды дала өртін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі