13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: ӘЛЕУМЕТТІК — ПЕДАГОГ МАМАНДАРМЕН СЕМИНАР — КЕҢЕС ӨТТІ

6 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: ӘЛЕУМЕТТІК — ПЕДАГОГ МАМАНДАРМЕН СЕМИНАР — КЕҢЕС ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Ш.Жанабердиевтің ұйымдастыруымен Абай атындағы мектеп-лицейінде барлық білім беру ұйымдарының әлеуметтік-педагогтарымен семинар -кеңес өтті.
Семинарды Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Әдістемелік орталықтың» маманы Алимбетова Гүлжан жүргізіп отырды. Семинар-кеңесте 2023-2024 оқу жылында жалпыға міндетті білім қорынан берілетін киім-кешек, қаржы құжаттарының рәсімделуі туралы сөз қозғалды.

Іс-шаран мақсаты: ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы 64 қаулысында айқындалған әлеуметтік осал отбасы балаларының 2023 жылы материалдық көмек көрсету барысы туралы. Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 8 тамыздағы 544 Қаулысы туралы да облыстық әдістемелік орталықтың маманы жан-жақты түсіндіріп өтті.

Семинар-кеңестің қорытынды кезеңінде аудандағы әлеуметтік-педагог мамандар көкейлерінде жүрген барлық сауалдарға жауаптарын алды және тиімді кері байланыс орнатылды. Алдағы кезеңде де мұндай іс-шаралар өз жалғасын таба бермек.

Мектептегі әлеуметтік педагогтың жұмысы жыл басында бекітілген жылдық жоспар бойынша жүргізіледі. Бала тәрбиесі жүйелі жүргізілу үшін оқу жылының басында сынып жетекшілеріне сынып оқушыларының , яғни баланың отбасы құрамы, тұрмыс жағдайы,ата-анасы туралы ,толық немесе толық емес отбасы екендігі,жанұядағы психологиялық ахуалды және баланың жеке психологиялық даму деңгейін анықтау үшін сауалнамалар жүргізіліп, мектептегі оқушылардың әр отбасының әлеуметтік статусы анықталады. Отбасының әлеуметтік статусы жоғары, орта, төмен болып үш деңгейге бөлінеді.

Жоғары деңгейдегі отбасыларға ата-анасы жоғары білімді, мамандығы бойынша жұмыс істейді, табыстары адам басына шаққанда жеткілікті, тұрмысы жақсы, бала тәрбиесіне жеткілікті уақыт бөлетін отбасылар жатқызылады.

Орта деңгейдегі отбасыларға ата-анасының білімі арнаулы орта, отбасы толық емес,бала тәрбиесімен анасы немесе әкесі,апасы айналысады, отбасының табысы тек өздерінің күнделікті тіршіліктеріне ғана жететін отбасылар жатқызылады.

Previous Post

Қарулы күштерде жазғы оқу кезеңі басталды

Next Post

ШЫМКЕНТ: Мирас, Шапағат-2 шағын аудандарында кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізіліп жатыр 

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі