Бұл туралы Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы полковник Жақсыбаев Мадияр Есенгелдіұлы брифинг барысында мәлімдеді. Шымкент қаласында шартты орманды дала өртін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Бұл туралы Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы полковник Жақсыбаев Мадияр Есенгелдіұлы брифинг барысында мәлімдеді.
Өрт қауіпті кезеңінің қарсаңында ҚР Төтенше жағдайлар мен Экология және табиғи ресурстар министрліктерінің бірлескен жоспары негізінде «Шымкент қаласының аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою тәуекелдерін төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспары» түзіліп бекітілді. Сонымен қатар, жоспарлы іс – шараларды өткізу шеңберінде биылғы жылдың 7 сәуірінде қалалық Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысында «Орман және дала өрттерінің алдын алу» тақырыбында маңызды сұрақтар қаралып тиісті мекемелерге хаттамалық тапсырмалар берілді. Бүгінгі таңда, ықтимал табиғи өрттерді жер жырту жолымен оқшаулау мақсатында жалпы ұзындығы 1075,3 км құрайтын минералды жолақтарды құру жұмыстары толық көлемде жүргізілуде.
Табиғи өрттерге жедел ден қою мақсатында 405 адамды құрайтын 42 ерікті өртке қарсы топтар құрылып, дала өрттерін сөндіруге арналған арнайы қол құралдарымен қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек, болуы мүмкін орман дала өрттерін сөндіруге жоғары өтімді 13 бірлік техника және 84 адам жеке құрамы ұдайы дайындыққа келтірілген. Сондай-ақ, күнделікті орман және дала өрттеріне мониторинг, профилактикалық, рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, халықтың, орман және шаруа қожалықтарының қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.
Бүгінге дейін 158 үгіттеу шарасы жүргізіліп, оның ішінде радиода 83 сөз сөйлеу, баспа басылымдарында 30 мақала, теледидарда 23 сұхбат беріліп, әлеуметтік желілерде 22 сөз сөйлеу мен 42 рейдтік іс-шара жүргізілді. Казгидрометпен ұсынылған болжамға сүйенсек, алдағы уақытта ауарайының +30 градустан аса көтерліуі күтілуде. Күннің қатты ыстығының тағы бір дәлелі, бұл «101», «112» қызметіне құрғақ шөптің немесе қоқыстың жануы туралы күніне 20-30 қоңыраудың келіп түсуі және құрғақ шөптің жануы жақын маңайда тұрған ғимараттарға өрт қауіпін төндіреді. Осыған орай, 2023 жылғы өрт қауіпті маусымда Шымкент қаласы аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою іс шаралар жоспарын, сондай-ақ тиесілі аумақтарда минералды жолақтарды құру, аудан аумағындағы құрғақ шөпті ору жұмыстарын, оның ішінде аудан аумағындағы объектілер иелерінің өздеріне тиесілі объектілердің аумағында, сонымен қатар теміржол төсемдерінің бойында қажетті санитариялық жұмыстардың жүргізілуін қолға алу туралы қала әкіміне ұсыныс берілді. Бұл өз кезегінде өрт қауіпті кезең ішінде өрттің алдын алуға және материалдық шығынның азаюына алып келері сөзсіз.
Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкент қаласы аумағында 62 өрт тіркелді. Материалдық шығын 124 миллион 952 мың теңгені құрады. Өрттердің 79 пайызы тұрғын үй секторы мен көлік өрттеріне тиесілі. Сонымен қатар, өрт қауіпті кезең басталғалы бері 412 жану жағдайлары орын алып, оның ішінде 125 құрғақ шөп және 77 қоқыс жанған.