13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Таскен тұрғын алабында абаттандыру жұмыстары атқарылды

6 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Таскен тұрғын алабында абаттандыру жұмыстары атқарылды
Share on FacebookShare on Twitter

Спорт алаңының салтанатты ашылу рәсіміне Қаратау ауданының әкімі, аудан депутаттары және елді мекен ақсақалдары қатысты. Шымкент қалалық Қаратау ауданына қарасты Таскен тұрғын алабы тұрғындарының сұранысына орай “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында жұмыстар жүргізілуде. Атап айтар болсақ, аталған елді мекенде ағымдағы жылы спорт алаңшасы, балалар ойын алаңшасы және гүлзар құрылысын жүргізу жоспарға қойылып отыр.

Елді мекенде мердігер мекемелер тарапынан салынған ашық спорт алаңшасының құрылысы аяқталып, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Спорт алаңының салтанатты ашылу рәсіміне Қаратау ауданының әкімі, аудан депутаттары және елді мекен ақсақалдары қатысты. Спорт алаңы аумағында жаттығуға арналған Workout элементтерімен бірге, демалушыларға қолайлы жағдай жасау үшін орындықтар, қоқыс жәшіктері де қойылған. Мұндай бастама тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен белсенді айналысуына мол мүмкіндік береді. Орнатылатын ойын және спорт элементтерінің басым бөлігі Шымкенттегі кәсіпорындарда өндірілген отандық өнімдер. Еске сала кетейік, Таскен елді мекенінде бүгінге дейін де тұрғындар өтінішіне сәйкес 2022 жылы ашық спорт алаңшасы «Tunay Stroy Project» ЖШС-і тарапынан салынған болатын. Жалпы елді мекендерді абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

Сондай-ақ, Еңбекші ауданында 26 көпқабатты үйдің ауласы мен балалар ойын алаңшаларын құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Еңбекші ауданы бойынша 651 көпқабатты тұрғын үйлер 435 аулаға біріктірілген болатын. Қазіргі таңда негізгі көпқабатты үйлер орналасқан шағынаудандар Қаратау және Әл-Фараби ауданының әкімшілік шекаралық аумағына қосылған. Бүгінде аудан бойынша 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген.

2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Атап айтатын болсақ, 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аулаларды абаттандыру 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артты. 2022 жылы 75 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандырылып, жеке секторда 11 – кешенді балалар ойын алаңшалары құрылды. 2023 жылдың І-кезеңмен 26 көпқабатты үй ауласын және жеке секторда 1 кешенді балалар ойын алаңшаларын құруға қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу іс-шарасы нәтижесінде жеңімпаз мердігер мекемелер жұмыстарын жүргізуде.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына қолайлы орта құру жұмыстары жүргізілді

Next Post

Шымкент: Әскери қызметшілермен қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша сабақтар өткізілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі