13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Әскери қызметшілермен қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша сабақтар өткізілді

6 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Әскери қызметшілермен қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша сабақтар өткізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының әскери қызметшілерімен жазғы оқу кезеңі басталар алдында қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша кешенді нұсқау-әдістемелік сабақтар өтті.

Әскери қызметшілерді жауынгерлік даярлық бағдарламасының іс-шараларын және күнделікті қызметті орындау барысында қауіпсіздік талаптарын сақтау қағидаларымен таныстырды.
Әскери бөлімнің аумағында әскери техникалар паркі аймағында, казармалық үй-жайларда, спорт және қарауыл қалашықтарында, тактикалық алаңда және әскери қызмет атқаратын басқа да орындарда көрнекі құралдармен оқу орындары ұйымдастырылды.
Сабақ жетекшілері қару-жарақпен және әскери техникамен жұмыс барысында қауіпсіздік шараларын сақтау, жеке құрам қарауыл қызметін атқару кезіндегі жалпы талаптар, атыс қаруымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқамалар өткізді. Сондай-ақ, өрт және электр қауіпсіздігі ережелерін сақтау, түрлі жарақаттар алған кезде алғашқы көмек көрсету бойынша нұсқаулық өткізілді.
Қауіпсіздік талаптары бойынша сабақтар Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін жауынгерлік даярлау жоспарына сәйкес жеке құрамның 100% тарта отырып, маусымда басталатын жазғы оқу кезеңі қарсаңында өтті.
Тәжірибе көрсеткендей, сапалы дайындалған және өткізілген осындай іс-шаралар жауынгерлерде қауіпсіздік шаралары туралы тұрақты білім қалыптастыруға, жеке құрамның өлімі мен жарақаттануының алдын алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығыШымкент
Previous Post

ШЫМКЕНТ: Таскен тұрғын алабында абаттандыру жұмыстары атқарылды

Next Post

Шымкентте алматылық 30 сарбаз ант қабылдады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі