13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте алматылық 30 сарбаз ант қабылдады

6 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте алматылық 30 сарбаз ант қабылдады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бригадасында жаңадан келген жас толымның әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Алматы қаласынан шақырылған отыз әскери қызметші Отанына адал қызмет етуге ант берді.

Осы айтулы күні әскери бөлімнің басшылығы мен әскери қызметшілері, Қарулы Күштердің ардагерлері мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері және жауынгерлердің ата-аналары мен жақын туыстары жас сарбаздарды қолдап мен құттықтауға жиналды.
Бөлім командирі полковник Орынбасар Жұбанов әскери қызметшілерге ант қабылдаумен жүктелетін құрметті және жауапты міндеттің маңыздылығын еске салды.
— Әскери қызметшілер бір рет ант береді, содан кейін өмір бойы өз антына адал болады. Бұл әрбір жауынгердің өміріндегі ең маңызды оқиға, — деп атап өтті бөлім командирі полковник Орынбасар Жұбанов.
Әскерге бір ай бұрын шақырылған Құдайберді Медетұлының ант қабылдау рәсіміне куәгер болып, қолдау көрсетіп, қуанышына ортақ болу үшін қасында анасы Марал мен тәтесі Мақпал Төлегенқызы Алматыдан арнайы келіпті.
— Бұл күн біздің жүргемізде ерекше орын алатыны анық, біз қуаныштымыз! Мен бірінші рет ант қабылдау рәсіміне келдім, ана ретінде маған бұл өте әсерлі сәт. Мен әскери бөлімнің басшылығымен сөйлестім және ұлымның Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінде қызмет етуге келгеніне өте қуаныштымын, — деп бөлісті Марал Төлегенқызы.
— Біз екі қатарға тұрып, қару-жарақпен тұрдық. Жауынгерлік ту біздің жанымыздан өтті. Бөлім командирімен амандасқаннан кейін, біз бөлек сап түзеп, ант сөздерін оқыдық. Мен өз елімнің қорғаушысы атанғанымды мақтан етемін, — деп мойындады Құдайберді Медетұлы.
Жас сарбаздар әскерге шақырылғаннан кейін бір ай ішінде алңашқы әскери дайындық курсынан өтіп, саптық, дене шынықтыру, атыс даярлығының, жалпы әскери жарғылардың негіздерін оқып, оқу полигонында практикалық атыстарды орындағанын атап өткен жөн.
Алда олар механик-жүргізуші, радиотелеграфист, планшетші, электрик және басқа да көптеген мамандықтарды игереді.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентқорғаныс
Previous Post

Шымкент: Әскери қызметшілермен қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша сабақтар өткізілді

Next Post

Шымкент: Гарнизонда тактикалық-саптық сабақтар өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі