13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына қолайлы орта құру жұмыстары жүргізілді

6 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына қолайлы орта құру жұмыстары жүргізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.​Шымкент қалалық Еңбекші ауданы аумағындағы 28 әлеуметтік нысанға қолайлы орта құру туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Яғни, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бұрыштар, таңба-белгілер, пандустар орнату туралы кеңінен айтылды.

Жалпы стандартқа сәйкес, пандустың ені 100 см, көлбеу бұрышы 6 градустан аспауы керек. Биіктігі 70 немесе 95 сантиметрлік екі деңгейлі тұтқасы болуы шарт. Жолдың ашық баспалдаққа немесе пандусқа қосылатын жердегі алаң аумағы 160х160 сантиметр, ішке кіретін есіктің ені 90 см кем болмағаны жөн.

Едені тайғанамайтын материалдан жасалуы қажет. Түсіндірме жұмыстары барысында Еңбекші ауданы әкімдігі және «Аmanat» партиясының Еңбекші аудандық филиалы, Шымкент қаласының денсаулық, білім, сәулет қала құрылысы және жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан құралған комиссия тобы нысан иелеріне талап ережеге сәйкес жұмыс істеуді ұсынды. Комиссия мүшелерінің бірі арнайы мүгедек арбасына отырып, нұсқаулық бойынша үлгілік сызба көрсетті.

Айта кетейік, Шымкент қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қала өміріне белсене араласуына мүмкіндік жасау және оларға көрсетілетін қызмет түрлерін қолжетімді ету мақсатында «Ten qogam» әлеуметтік қолдау орталығы ашылған болатын.

Бұл орталық 2021-2025 жылдарға арналған «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы аясында іске асырылды. Ж.Аймауытов көшесі, 130 үй мекен –жайында орналасқан «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы «Бір терезе» қағидасымен 5 бағытта қызмет түрлерін ұсынады. Орталық ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыруға баса назар аударатын болады. Бұдан бөлек әлеуметтік қызмет порталдарын ешкімнің көмегінсіз қолдануды үйретпек. Мамандардың айтуынша, орталықта заң бағытында сондай-ақ, әлеуметтік, психологиялық, тұрмыстық мәселелер бойынша кеңес беріледі.

Previous Post

Шымкентте 200-ден аса отбасыға тұрғын үй көмегі тағайындалды

Next Post

ШЫМКЕНТ: Таскен тұрғын алабында абаттандыру жұмыстары атқарылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі