13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТЫҚ ОҚУШЫЛАР ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНАН 3 ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

29 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАСТЫҚ ОҚУШЫЛАР ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНАН 3 ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Жуырда Түркістан қаласындағы №1 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-лицейінде «Ахмет Байтұрсынов — ұлтымыздың ұлы ұстазы» тақырыбында ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті. Түркістан облысының 49 оқушысы өзара бақ сынаған байқауға Түлкібас ауданынан 3 оқушы қатысты.

Байқаудың негізгі мақсаты — қатысушылардың тіл білімінің негізін салушы, ұлт ұстазы- Ахмет Байтұрсыновтың еңбектеріне деген қызығушылығын арттырып, ғылыми көзқарасы мен дүниетанымын қалыптастыру, тіл білімі мен әдебиеттану ғылымын дамыту.

Ахмет Байтұрсынұлы ұлтының бол­мысын терең таныған ғалым. Яғни барша мұң-қайғысының, арман-тіле­гі­нің, жарқын болашағының қайдан екенін терең зерделеген және оған же­ту­дің жолдарын да жақсы білген. Біздіңше, Ахаңның ғалымдығын екі түрлі ерекшелік бойынша бағалауымыз керек: біріншіден, ұлт қажеттілігін өтеу­ге арналған көркем шығармаларын жинақтап, жүйелеуде де ғылыми ойлау әлеуетінің кейбір қырлары көрі­ніс береді. Халықтың сол тұстағы эко­но­­микалық, әлеуметтік-тұрмыстық, қо­ғам­дық-психологиялық ахуалын терең зерделеп, соған лайық тақырыптардағы шығармаларды ұсынады. Екіншіден, қазақ ғылымының алтын бастаулары ретінде ғылыми-теориялық еңбектерінің маңызы аса жоғары.

Қазақтың арғы-бергі тарихынан терең сауатты болғандықтан, оның басындағы ахуалдың себеп-салдарын да жақсы тү­сін­ген. Қиындықтан құтқарудың жол­дары ең бірінші халықты ояту мен білімге жетелеуде деп білді. «Халыққа не керек?» деген сұрақтың жауабын іздейді. Бодандықта тұрған жұрттың баршасына ортақ қиындық пен қазақ халқының басындағы ерекше тағдырдың арасында үлкен айырмашылық бар. Отарлаушы ел мен бодандықтағы халқының тұрмысы да, салты да, өмірлік ұстанымдары мен дүниетанымы да бір-біріне ұқсамайтын. Мұндай жағдайдағы қайшылықтың салдары бодан елге аса ауыр соққы бола­тыны белгілі.

Тұрмысы, дәстүрі, тілі, жалпы алғанда, барша мәдениеті мен ұлттық психологиясы дағдарысқа ұшы­­рай­ды. Ғасырлар бойы санасына сіңген дәс­түрлері қолданыстан ығысып, жа­рам­­сыз күйге түскенде халық үлкен ты­­ғы­рыққа тіреледі екен. Тегі бөтен шаруа­шылыққа адамның бірден икемделе кетуі қиын, ақыл мен денеге тосын салмақ түскен соң қиналады, жасиды, оның ақыры бойкүйездікке алып келеді. Осылайша, қазақ халқының үстінен зіл қара күш басты, «қараңғылық» міні та­ғыл­ды. Бүгінде «қазақ неден осындай болды?» деп, біз іздеп жүрген көптеген сұрақтардың жауабын Ахаң сол тұста терең түсінген еді.

Жобаға білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары қатысты. Байқау А,Байтұрсыновтың ақындық әлемі, қазақ әдебиеті мен қоғам қайраткері ретінде танылған туындылары бойынша 3 бағытта жүргізілді.

Байқау қорытындысы бойынша ғылыми жобаның 3 бағытына қатысқан Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушылары: Нұрсейт Нүрлыхан жүлделі I орын, Әбдіхалық Ажар және Мархаба Ержанқызы жұлделі — III орынды иеленді. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гульжан Молдабаева.
Жеңіс тұғырынан көрінген дарынды оқушылар мен пән мұғалімдерді марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Previous Post

МАҚТААРАЛ: ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Next Post

ТӨЛЕБИ: БІЛІМ ОШАҒЫНА КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМНЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі