13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТӨЛЕБИ: БІЛІМ ОШАҒЫНА КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМНЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

29 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТӨЛЕБИ: БІЛІМ ОШАҒЫНА КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМНЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін, Бірінші Мамыр ауылдық округі Алғабас елді мекеніндегі жалпы орта мектепке белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Сәдуақасс Темірбековтың есімі берілуіне байланысты арнайы іс-шара өтті.

Жиында жерлесіміз көрнекті ғалым-педагог, мәдениеттанушы, философ, профессор Сәдуақас Темірбековтың өмірлік жолынан естелік әңгімелер айтылып, білім беру ошағында мерекелік концерт ұйымдастырылды.

1967 жылы Шымкентте ашылған педагогикалық мәдениет институтының негізін қалап, небәрі 35 жасында ректорлыққа қызметке тағайындалған. 1978 жылға дейін аталған оқу ордасын басқарып, оның материалдық базасын нығайтып, кітапхана қорын молайтып, студенттер мен оқытушылар саны артты.

1978 жылдың сәуірінен 1986 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ғылым және білім мекемелері бөлімін басқарып, кейінгі жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры қызметін атқарған. 1980 және 1985 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.

Сәдуақас Темірбековтің ғылымда қал­дырған ізі аз емес. Оның артында мәдениеттану саласында жазған алпыстан астам құнды, ғылыми және бірнеше оқу-әдіснамалық сипаттағы сүбелі зерттеу еңбектері қалды.

Көрнекті ғалымның өмірлік жолынан естелік әңгімелер айтылып қана қоймай, білім ошағында еңбек ететін ұстаздар мен білім алатын шәкірттеріне есімі мектепке берілген тұлғаның атына сай болуды, сапалы білім, саналы тәрбие берілу қажеттігі сөз болды.

Айта өтсек, Темірбеков Сәдуақас 1930 жылы 16 қыркүйекте ОҚО, Төлеби ауданы, Ұзын-Бұлақ ауылында туылған. Ауылдағы орталақ мектептен кейін Шымкент қаласындағы Спатаев атындағы орта мектепті 1949 жылы күміс медальмен бітіріп, Қазақ мемлекеттік университетінің философия факультетіне түскен. Ол 1978 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінде Ғылым және оқу орындары бөлімі меңгерушісінің орынбасарлығына шақырылып, 1979 жылдың желтоқсан айында осы бөлімнің меңгерушісі қызметіне атқарған. Екі мәрте Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған.

Previous Post

ТҮЛКІБАСТЫҚ ОҚУШЫЛАР ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНАН 3 ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Next Post

САЙРАМ АУДАНЫ: «Заманауи педагог бейнесі» тақырыбында коучинг өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі