13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МАҚТААРАЛ: ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

29 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
МАҚТААРАЛ: ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Қ.Мүсірепов атындағы N20 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәрбиеленушілердің жазғы демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздігін сақтау мен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында сынып және ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыс барысында су, от, өрт, тоқ, жол-көлік, тұрмыстық-техникалық қауіпсіздік т. б. сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге ата-аналармен әлеуметтік уатсап желісі арқылы да «Ата-аналарға арналған Жадынамалармен», арнайы бейнебаян материалдарымен таныстыру, кері байланыс алу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда түсіндіру жұмыстары әрі қарай оқу күндерінің соңына дейін үздіксіз жалғасуда.

Басты мақсат, жазғы демалыс кезіндегі құқықбұзушылықтың алдын алу мен тәрбиеленушілердің өмір қауіпсіздігін сақтауда ата-ана мен тәрбиеленушілердің жеке жауапкершіліктерін арттыру. Өткен жылдардың тәжірибесі көрсеткендей ол күндері оқушылардың қатысуымен түрлі оқыс оқиғалар мен құқық бұзушылықтар орын алуда. Сонымен қатар, жазғы демалыстардың басталуымен балалардың жолда, су айдындарында, орманда, ойын алаңдарында, бақшада және аулаларда болуларына байланысты өмірлеріне қауіптілік артады.

Жазғы демалыс кезінде ата-ана баланың өмірі, қауіпсіздігі үшін толық жауапкершілікті өздеріне алады. Ата-аналардың үлгісі — балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын табысты тәрбиелеудің негізгі факторларының бірі болып табылады.Сондықтан, балаларыңыздың қауіпсіздігі мен болашағы үшін жауапкершілікті және қадағалауды күшейтуді сұраймыз!,- дейді ұстаздар.

Айта кетсек, облыста балалардың жазғы сауықтыруын ұйымдастыруға Түлкібас ауданы, Машат шатқалында орналасқан мемлекет теңгеріміндегі «Самал» және «Отырар» жазғы сауықтыру лагерінде бір ауысымда 800 қосымша орын ашылады. Одан бөлек, Бәйдібек ауданда орналасқан «Тау Шыңы» демалыс аймағы жазғы сауықтыру лагері ретінде қосымша 150 орынмен қамтамасыз етілмек. Сонымен қатар, Ордабасыдағы «Орленок» жазғы сауықтыру лагерінің де қайта ашылуы қарастырылып, 150 орындықты 1 жаңа лагерь балаларды қабылдамақ.

Бұдан бөлек, Төлебидегі Киелітас ауылында орналасқан аудандық «Оқушылар Үйіне» жөндеу жұмысы жүргізіліп, қосымша 150 баланы қабылдайды. Сондай-ақ, Түлкібас ауданындағы Жабағылы және Абайлы ауылынан сауықтыру лагерін, Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалындағы басқарма теңгеріміндегі «Робинзон» лагерінің бос тұрған 4,35 гектар жер теліміне жаңа лагер құрылысын жүргізу ұсынылды. Нәтижесінде қосымша 4-5 лагермен қамтылып, бір ауысымда 1 720 жаңа орын ашылады. Яғни, жылына 8 ауысымда 13 760 балаға қосымша орын бар.

Previous Post

МАҚТААРАЛ: Ұлағатты ұстазды еске алуға арналған «Волейбол» ойынынан облыстық турнир өткізілді

Next Post

ТҮЛКІБАСТЫҚ ОҚУШЫЛАР ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНАН 3 ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі