13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

27 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізудің 2023 жылға бекітілген тізімі бойынша мемлекеттік аттестаттау шарасын жүргізуде.

Мемлекеттік аттестаттау шарасына ҚР «Білім туралы» Заңының 59-бабы 4-тармағына сәйкес «Мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезінде комиссияның құрамына білім беру саласындағы мамандары және педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін консультанттар, сарапшылар қамтылды.

Айта кетсек, Айта кетейік, жыл басынан бері еліміздегі 519 колледжде мемлекеттік аттестаттау өтті. Талдау нәтижесі бойынша Алматы, Астана қаласы, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан және Ұлытау, Абай облыстарының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жақсы көрсеткіштер байқалады.

Дегенмен, ел бойынша үш жүзден астам колледж аттестаттаудан өтпеді. Олардың дені Шымкент қаласы мен Павлодар, Қызылорда облыстарында. Батыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында көрсеткіш төмен.

«Бақылау шаралары басталмас бұрын ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын. Мемлекеттік аттестаттау техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы бірқатар проблемаларды анықтап берді. Қазір Астана қаласы, Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы тоғыз жеке колледждің қолданыстағы лицензиясы мен білім беру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияға қосымшаларды қайтару жұмысы жүргізілуде. Бұл колледждер енді білім беруді тоқтатады. Сондай-ақ лицензияға қосымшасы болмаса да білім берген 10 колледж анықталды», — дейді комитет төрағасы Ернұр Дауенов.

Талдау қорытындысы бойынша жұмыс жоспарлары, оқу жоспарының пәндері мен модульдері бойынша оқу бағдарламалары, өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибеден өту, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарына сәйкес келмейтін базалық, кәсіптік модульдерді оқыту бойынша бұзушылықтар анықталды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: «АТА - АНА - ҰСТАЗ - ОҚУШЫ: БОЛАШАҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА ЖАС ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ «БОЯУЛАР ҚҰПИЯСЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі