13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАС ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ «БОЯУЛАР ҚҰПИЯСЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

27 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА ЖАС ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ «БОЯУЛАР ҚҰПИЯСЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты – білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру. Жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін ояту. Сурет салуға үйрету, балалар көркемсурет мектептерінің рөлін арттыру.
Байқауға аудандық, қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаз атанған жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 10-17 жастағы 136 білім алушы өрені бақ сынасты.

Жас қылқалам шеберлері алдымен аудан және қалалық іріктеу кезеңінен өтті. Үздік деп танылғандар облыстық кезеңге жолдама алды.

Байқау номинацияларындағы жұмыстар кез-келген техникада (акварель, май, пастель, қарындаш, гелий қаламы, түрлі-түсті қарындаштар, аралас техника) кез келген материалда (картон, қағаз, кенеп, т.б.) орындалды. Жеке жұмыстары қабылданды (әр номинация бойынша – 1 жұмыс). Бір қатысушы бір номинацияға қатысты.

45 минут ішінде «Менің елім – менің жерім» тақырыбында классикалық кескіндеме (портрет, пейзаж) салды. Тақырыптық натюрмортта халық тұрмысы заттарының немесе халық қолөнері мен қолөнер бұйымдарының бейнесін кескіндеді. «Таланттар палитрасы» арқылы авангард және эксперименттік кескіндемелер мен композициялық туындысын көрсетті. Сондай-ақ сюжеттік композиция ретінде «Жер бетіндегі үздік демалыс», «Менің әуестігім», «Мен және менің отбасым» тақырыбына сәйкес ойларын сурет арқылы жеткізді.

Бояулар құпиясы жас суретшілердің республикалық байқауының облыстық кезеңі Түркістан қаласы «Оқушылар сарайы» ғимаратында өткізілді. Аудандық, қалалық кезеңнен іріктеліп келген оқушылар өздерінің өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді. Қазылар алқасы шешімі негізінде жүлделі орындар анықталды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйақылар табысталды. Ережеге сәйкес 1 орынды жеңіл алған 8 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Next Post

МАҚТААРАЛ: Ұлағатты ұстазды еске алуға арналған «Волейбол» ойынынан облыстық турнир өткізілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі