13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «АТА — АНА — ҰСТАЗ — ОҚУШЫ: БОЛАШАҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

27 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: «АТА — АНА — ҰСТАЗ — ОҚУШЫ: БОЛАШАҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы, «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Түлкібас аудандық Мәдениет үйінде «АТА-АНА – ҰСТАЗ — ОҚУШЫ: болашаққа бағытталған ынтымақтастық» тақырыбында форум өтті.

Форум мақсаты — ата-анамен мектеп қарым-қатынасын күшейту, отбасы құндылықтары мен ұлттық рухани байлықтарды дәріптеу. Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін мәселені бірлесіп, шешу жолдарын қарастыру.
Форумның міндеттері:

• Ата — аналармен бала тәрбиесіндегі проблемаларды талқылау, шешу жолдарын қарастыру;

• Кәмелетке толмағандар арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу, оқушылардың дербес дамуы мен қалыптасуына ата- аналар тарапынан ықпал ету;
• Өскелең ұрпақты заман талабына сай тәрбиелеуде ата-аналардың рөлін арттыру;
• Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында саналы ата -ана болу мәдениетін қалыптастыру.

Облыстық форумға Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығының директоры Бақытжан Төлімбет, Білім саласының ардагері, қоғамдық ұйымның төрағасы Н.Байғұт, Түркістан қаласының әйелдер алқа төрайымы Ұ.Мұстафаева, «Сеніммен болашақ» РБҚ Түркістан облысы филиалының басшысы Ә.Толысбаева, Түркістан қаласы, Ясауи атындағы ХКТУ-дың аға оқытушысы Г.Көлеген, аудандық, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің әдістемелік бірлестік жетекшілері, ата-аналар комитетінің төрағалары (төрайымдары), әкелер мектебінің өкілдері, ДТІЖО, сынып жетекшілер, педагог- психологтар, әлеуметтік-педагогтер, үкіметтік емес ұйымдардың мамандары қатысып, күрделі мәселелердің оңтайлы шешімдерімен бөлісті.

Аталған іс-шараның ерекшелігі сол, бұл форумға әлемге әйгілі ұл тәрбиелеп отырған, дүние жүзіне өнерімен ғана емес, ұлттық келбетін, ішкі мәдениетін, кішіпейілдігі мен көркем мінезін көрсетіп жүрген әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев онлайн қатысып, тәрбиеге қатысты өз ойын білдірді.

Сонымен қоса, бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкеебайдың әкесі Тәкен Тәшкенбайұлы да жұмылдырылды.

Форум барысында келген қонақтарға отбасылық ұлттық құндылықтарды дәріптеуге негізделген көрме жұмыстары көрсетіліп, 5 бағытта түрлі форматта секция жұмыстары жүргізілді.

Пленарлық мәжілісті Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығының директоры Бақытжан Төлімбет ашып берді. Білім саласының ардагері, қоғамдық ұйымның төрағасы Байғұтов Нышан сөз сөйлеп, «Жастар тәрбиесі — Жаңа Қазақстанның жарқын болашағының кепілі» тақырыбында баяндама оқыды.
Сонымен қатар, Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ержан Қадырбек Изтайұлы отбасының береке-бірлігі, ынтымақтастық туралы сөз қозғады.

Previous Post

ТӨЛЕБИ: ҒЫЛЫМИ - ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі