13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАУ — ДӘСТҮРІМІЗДІ ДӘРІПТЕУ»: АРЫСТЫҚ ОҚУШЫЛАР МҰРАЖАЙҒА САЯХАТ ЖАСАДЫ

26 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
«ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАУ — ДӘСТҮРІМІЗДІ ДӘРІПТЕУ»: АРЫСТЫҚ ОҚУШЫЛАР МҰРАЖАЙҒА САЯХАТ ЖАСАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Көкірегі ояу, көзі ашық зиялы адам қай жерге барса да, сондағы музейге ат басын бұрғысы келіп тұрады. Өйткені мұражайлар – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, сондай-ақ жергілікті жердің тұрмыс-тіршілігінің ерекшелігін көрсететін мұраларды сақтап, жинақтап, саралап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын орын. Мұражайлардың заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуде, тарихи сананы қалыптастыруда маңызы зор.

Мұражай – жәдігерлер мекені, тұнып тұрған тарих. Ал тарих туған жерден басталады, сондықтан, әрбір азамат өзінің туған жерінің тарихын білуі тиіс. Еліміздің ертеңі өткен тарихпен тығыз байланыста екенін ұмытпауымыз керек.

Осы ретте Арыс қаласының білім бөліміне қарасты №1 Е.Молдабаев атындағы жалпы орта мектеп- интернатының бастауыш сынып мұғалімі Ж.Серібаеваның ұйымдастыруымен 15 оқушы орталық мұражайға саяхат жасады.

Мұражай мен орталық кітапханаға жасаған саяхат барысында оқушылар Арыс қаласының сан ғасырғы тарихымен таныс болды. Және де кемеңгер ақын Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов және алаш арыстары мен қайраткер тұлғаларының өмір жолдары туралы қосымша деректерге қанықты.

Жалпы, мұражайға саяхат жасау – өрістің кеңеюіне, тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, оқушыларды ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екендігін жете түсінуіне көмектеседі.

Мәдени тегімізді танытатын төл мұралар, шашауы шықпай жеткен жауҺарлы жәдігерлер сақталған музейдің жаңарған экспозициясы Алаштың асқақ рухын баяндап, Сыр елінің тарих тағылымын кейінгі жас ұрпаққа таныта берері сөзсіз.

Previous Post

Мақтаарал: Білім беру саласында толғай табыстар мен жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген кәсіподақ мүшелері марапатталды

Next Post

МАҚТААРАЛ: ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі