Бүгінгі таңда ілім беруде тек қана білім, білік дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, алған білімін өмірлік қажеттілігіне жарата алып, оны шығармашылықпен іске асыруды оқушы бойына сіңіре алу көзделеді. Осыған орай мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде оларды қалыптастыру-заман талабы. Осыған байланысты бастауыш сынып мұғалімдері дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспарын құрып, шығармашылықпен жұмыс жүргізіп келе жатыр. Сол жұмыстардың нәтижесі болар елімізде ауыз толтырып айтатындай білімді, ізденімпаз оқушыларымыз өте көп.
Солардың ішінде жақында өткен 3-4 сыныптар бойынша өткен «Алтын сақа» облыстық байқауынан Абылайхан атындағы №2 жалпы орта мектебінің 4 сынып оқушысы Сейдахмет Абу-Мансұр жүлделі екінші орынды иеленді. Сонымен қатар Абай атындағы №2 жалпы орта мектебінің 4 сынып оқушысы Тұраш Айару оқушымыз да алғыс хатпен марапатталды.
Олимпиада мектеп оқушыларының жоғарғы деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту және пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау мақсатында өткізілді. Оқушылар өздерінің білімдерін көрсете алды. Алдағы республикалық олимпиадалардан да керемет нәтиже көрсетеді деп сенеміз.
Қуантарлығы, Түркістан облысында Халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми байқау нәтижелері бойынша өткен жылмен салыстырғанда: Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша ХІІ зерттеу жобалары конкурсы нәтижелері 37%-ға, Халықаралық «Азия-Тынық мұхит» және «Жібек жолы» олимпиадасы 12%-ға, Республикалық жалпы пәндер бойынша олимпиада көрсеткіші 4%-ға өссе, Республикалық жаратылыстану — математикалық бағыт бойынша Президенттік олимпиадасы көрсеткіші: 27%-ға, Республикалық ғылыми жобалар байқауы 27%-ға және Республикалық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауы көрсеткіші 42%-ға артқан.
Қосымша ақпар. Биыл 11 сыныпты 29491 түлек бітіреді. Мектеп түлектерінің 1416-сы «Алтын белгіге», 11 сыныпты бітіруші түлектердің 2355-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлім етті.
Жалпы алғанда, Түркістан облысында 1 мыңнан астам орта білім беру ұйымдары қызмет етуде (907 мемлекеттік, қалғаны жекеменшік) жұмыс атқарады. Ондағы оқушы саны – 515 079. Олардың 154 қала (122156 оқушы), 844 ауыл (392923 оқушы) мектептері.