Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 26 мамыр күні 2022-2023 оқу жылы барысында білім беру саласында толғай табыстар мен жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген кәсіподақ мүшелерін ынталандыру мақсатында марапаттау жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының алғыс хатымен: М.Тоқжігітов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ұ.Абдиева, Нұрлы таң жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Уматаев, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Д.Дүрменбаев, М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Д.Курбанов марапатталды.
«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Еркінбектің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен: М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Қ.Мұратов, Ж.Нұрлыбаев атындағы №27 жалпы орта мектебінің директоры К.Абдирова, Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің бас есепшісі Ж.Клышмаганбетов марапатталды.
«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Еркінбектің Құрмет грамотасымен: Ержігіт бала бақшасының меңгерушісі К.Пердебаева, А.Әуметхан бала бақшасының тәрбиешісі А.Бакишева, Бәйтерек-Бақ бала бақшасының меңгерушісі Б.Пранова марапатталды.
«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Еркінбектің Алғыс хатымен: Хадиша әже бала бақшасының меңгерушісі М.Абдибекова, Балбөбек-2030 бала бақшасының меңгерушісі Л.Тукушева, Ерке сұлу бала бақшасының меңгерушісі Г.Каржаулова, Нұрсұлу бала бақшасының тәрбиешісі Г.Шайдозова марапатталды.