Мақтаарал ауданында аудан әкімі мен аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі және бөлімге қарасты білім беру мекемелерінің мектеп директорлары мен тәрбие орынбасарлары, ата-аналар комитеттерінің төрағасының қатысуымен «Кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалынатын қылмыс пен құқықбұзушылықтың және оқыс оқиғалардың алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиында аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Мұратбек Тұлапұлы Серікбаев 2022-2023 оқу жылындағы білім саласының ата-аналарымен атқарған жұмысымен, келесі оқу жылына міндеттемелерді атап өтті. Өз кезегінде аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Маккамбек Оспанов, Мақтаарал аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысы Ғалым Жұмәділов мырза сөз алды.
Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат — әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан — жақты дамуына ата — ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін — өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.
Бізде көптеген ата — аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата — ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу — үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды.
Ата — ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата — ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата — ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей ме?
Жазғы уақыттары балалардың қауіпсіздігіне байланысты жұмыстары мен алдын алу шараларын қолдану туралы ата-аналарға үндеу жасады. Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеудегі оңтайлы жолдарын қолдану туралы ұсыныс берді.