13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САРЫАҒАШ: БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

26 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
САРЫАҒАШ: БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН КАБИНЕТ АШЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты №52 М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Ұлы отан соғысының ардагері және ұлағатты ұстаз болған Сарсенбаев Мырзакәрім Ізбасарұлы есіміне арналған бастауыш сынып оқушылары үшін кабинет ашылды.

Лента қию салтанатына ұлағатты ұстаздың ұлы Әбдікәрім Мырзакәрімұлы, немерелері мен мектеп ұжымы қатысты. Жиын барысында Мырзакәрім Ізбасарұлының өмірі жайлы соғыстағы ерліктерін еске алып, еңбек жолы мен қызметі жайлы әңгіме қозғалды. Кабинеттің ашылуына ұлы Әбдікәрім Мырзакәрімұлы мен немерелері демеушілік жасады. Бастауыш сынып оқушылары үшін қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталды.

Қазір білім берудің сандық және сапалы деңгейі мен түрлері сан алуан болған шақта, білімнің қадір-қасиеті мен құдіретін жоғалтып алмауды ұмытпаған жөн. Білім шын мәнінде, ұлы күш екендігін әрбір жас ерекше сезінгені абзал. Бұл орайда Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданында соңғы жылдары айтарлықтай сапалы білімге қол жеткізіліп келеді. Өйткені тәрбие мен білім егіз. Сондықтан да бала білімді болғанымен, тәрбие саласы ақсап жатса, онда ешқандай нәтиже болмайды. «Бұл орайда бізде екі сала да жақсы жолға қойылған. Ауданның білім беру мекемелері оқу мен тәрбиеге бөлек қарамайды. Сондықтан да біз жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеміз. Әрине, тәрбие талбесіктен деп жатады. Бірақ білім беру ұйымдарының да баланы тәрбиелеуде рөлі өте үлкен. Өйткені оқушы уақытының біраз бөлігін мектепте өткізеді. Сондықтан аудан мектептерін тәрбиеге қатысты игі шаралар көп өткізіледі.

Айта кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айтылғандай, 2025 жылға дейін елімізде 800 мыңға жуық баланың заманауи мектепте білім алуына жағдай жасалады. Ол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Өңірде бұл жобаны іске асыру үшін 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 400 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінбек. Жоба аясында ашылған мектептер заманауи құрылғылармен толық жабдықталады. Зертханалармен қамтамасыз етіледі. Бастауыш сыныптар үшін жеке блог болады. Мақсат – оқушылар мен оқытушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау және білім беру қызметінің сапасын арттыру.

Previous Post

ТӨЛЕБИ: «БАЛА – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Next Post

МАҚТААРАЛ: "БАЛАНЫҢ БАСТЫ ҰСТАЗЫ - АТА-АНА" ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі