13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТӨЛЕБИ: «БАЛА – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

26 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТӨЛЕБИ: «БАЛА – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Төлеби ауданында «Бала – біздің болашағымыз» атты іс-шара өтті. Мерекелік шара аясында орталық саябаққа жиналған балалар мальбертке сурет салып, велосипед жарысына қатысты. Барабаншылар шеруі ұйымдастырылып, спорттың таэквондо және дзюдо түрлерінен өнерлерін көрсетіп, асық атудан, ләңгі тебуден, қол күрестен бақтарын сынады. Жасөспірімдер гир көтеріп, арқан тартысты.
Аудан әкімдігінің қолдауымен өткен мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев балаларды төл мекерелерімен құттықтап, өскелең ұрпақтың жарқын болашағы жолында атқарылып жатқан игі істерге тоқталды.
– Баланың болашағына балта шаппау, оларды дені сау етіп өсіру, тәрбие беру – мемлекет алдындағы басты мақсаттың бірі. Елімізде барлық бала тегін білім алумен қатар, денсаулығын сақтау, демалыс күндері уақыттарын тиімді өткізу мақсатында жазғы кезеңде қала сыртындағы лагерлерге, спорттық және туристік жарыстарға кеңінен тартылуда, – деді ол.
Іс-шара соңында аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров жарыстарда белсенділік танытып, ұлттық ойындардан өткен сайыстарда жүлделі орындарға ие болған балаларды Алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар табыстады.
Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «Salta-Art» студиосымен бірлесіп 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты мәдени-танымдық іс-шарасын өткізді. Шараға көп балалы және аз қамтылған отбасылардан 50 бала шақырылды.
Мерекелік бағдарлама тәрбиелік бөліммен басталды. Онлайн «Сандық» ойыны арқылы жас өрендерге викториналық сұрақтар қойылып, жұмбақтар жасырылып, «Ертегілер мен мультфильмдердің кейіпкерлерін тап» сайысы өткізілді. Шара барысында балалар күмбірлеген күй тыңдап, ән әуенімен тербелді.
Айта кетсек, Түркістан – дарынды, білімді, өнерлі балаларымен мақтанатын ерекше өңір. Биылғы оқу жылында өңірімізде 500 мыңнан астам бала білім алды. Облысымызда 1000-шы мектеп ашылды. Ел Президентінің тікелей қолдауымен балаларға, өскелең ұрпаққа жағдай жасау үшін игі бастамалар қолға алынып жатыр. Алдағы 3 жылда облыста 96 мектеп бой көтереді. Биыл облыс мектептеріне 101 автобус бөлініп, 71-і тапсырылған болатын. Ал мерекеге орай,30 автобус берілді. Жазғы демалыста 26 мыңнан астам баланы демалыс лагерьлеріне жіберу жоспарланған. Түркістан өңірінде «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асырылады. Балалардың дамуына, білім алуына жан-жақты жағдай жасау жалғасады.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Биыл Самал-3 ауданындағы 10–нан астам көшеге асфальт төселеді

Next Post

САРЫАҒАШ: БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі