13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АРЫС: ТҮЛЕКТЕР ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІН САЛАТЫН БОЛДЫ

2 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
АРЫС: ТҮЛЕКТЕР ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІН САЛАТЫН БОЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Халқымызда «Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың» деген қанатты сөз бар. Туған жерге туын тігіп, осынау қасиетті жердің даңқын асырып, түлетуге атсалысып жүрген азаматтар Арыс қаласында баршылық. Әсіресе, бұл үрдіс кейінгі жылдары мектеп түлектері арасында кең қанат жайып келеді.

Бүгінгі қаламызда орналасқан С.Сейфуллин мектебіндегі ерекше форматта өткен «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы соның дәлелі. Мұнда осыдан 10, 20,30, 40 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер бас қосып, тағылымы мол шара өткізді.
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов және сала мамандарын арнайы шақыртқан азаматтар жақсы жаңалықтарымен сүйіншіледі.

Бұрынғы оқушылар, қазір әрқайсысы бір шаңырақ иесі атанған азаматтар ақылдаса келе, өздері туып өскен тұрғын ауданға қазіргі заман талабына сай спорт кешенін салатын болды.

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова осындай үлкен, тәрбиелік мәні зор іске бастамашыл болған және ат салысқан барлық азаматтарға алғысын білдірді.

«Біздің Арыста мектеп түлектерінің өз қаласына, ауылына, алтын ұя мектебіне деген құрмет пен қамқорлық көрсетуді дәстүрге айналдырып келеді. Игі іске бастамашыл болған қалалық мәслихат депутаты Сейілхан Кенжебеков пен Кенже Рахымұлына және осы берекелі мектеп С.Сейфуллин ұжымы мен барша атсалысқан түлектерге шынайы ризашылығымды айтамын. Бастаған істеріңізге береке берсін. Отбасыларыңа амандық, дендеріңе саулық, қызметтеріңе табыс тілеймін,» — деді Гүлжан Мамытқызы.

Әр жылдары мектеп бітірген түлектер өздеріне білім берген ұстаздарға гүл шоқтарын ұсынып, алғыстарын алды. Бұдан бөлек, түрлі спорттық жарыстар өткізіліп, ұлттық спортымыз ұлықталды. Сондай-ақ дүниеден өткен ұстаздар мен сыныптастар құрметіне құран бағышталып, ас берілді.

Мектепте ұстаздық еткен ардагерлер мен жаңа толқын мұғалімдер осындай өнегелі істер жалғасын таба берсін деген тілектерін жеткізді.

Previous Post

ОТЫРАРДА ТОЛАҒАЙ СПОРТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮЛКІБАС: "ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ" ТАБЫСТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі