13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОТЫРАРДА ТОЛАҒАЙ СПОРТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

2 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ОТЫРАРДА ТОЛАҒАЙ СПОРТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бала үйдің қуанышы, елдің болашағы. Бүгін 1 маусым – балалық шақтың басты мерекесі – жаздың алғашқы күні.

Бұл күннің басты мақсаты — қоғамда балаларға ерекше қамқорлық көрсетіп, әркез мейірім мен махаббатқа бөлеп өсіру. Оларды спортқа баулып, жақсылық жасауға үйрету.

Осы мақсатта бүгін ауданымыздағы Отырар спорт клубының ұйымдастыруымен 1 маусым — халықаралық балаларды қорғау күні аясында аймақтағы балабақша тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері арасында «Толағай» сайысы өтті. Спорттық шараға аудандағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан келген командалар қатысып, бақтарын сынады. Алдымен ауыл округтері бойынша іріктелген командалар бүгін ақтық кезеңде сайысқа түсті. Жарыс жеңімпаздары анықталып, жүлдегерлер марапатталды.

Осылайша өңірдің білім ұяларында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата – ана мен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату, оқушыларды және ата — аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру мақсатыда орындалып келеді. Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата — ана шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасаң зор.
Жиынның мараппау рәсімінде Отырар спорт клубының директоры Жұмабай Сәрсенбаев құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысып белсенділік танытқан балабақша ұйымдарына шынайы алғысын білдірді.

Ақтық сайыс нәтижесінде Темір ауыл округіндегі «Алпамыс» бөбекжай балабақшасының намысын қорғап келген команда 1 орын тұғырынан көрінді. Ал Қарғалы ауыл округінен келген «Сымбат» бөбекжай балабақшасы мен Отырар ауыл округінен келген «Біләл-Ата» бөбекжай балабақшасының командалары екінші және үшінші орындарға ие болды.

Жарыс соңында жеңімпаздар аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановтың арнайы алғыс хатымен марапатталып, кубоктар мен медальдар табысталды.

Previous Post

САЙРАМ: ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ «ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ» АЛДЫН АЛУ

Next Post

АРЫС: ТҮЛЕКТЕР ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІН САЛАТЫН БОЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі