13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ: ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ «ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ» АЛДЫН АЛУ

2 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
САЙРАМ: ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ «ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ» АЛДЫН АЛУ
Share on FacebookShare on Twitter

Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі аудандық прокуратурамен бірлесе отырып, білім беру ұйымдарында оқу маусымы аяқталып, білім алушылардың жазғы демалысқа шығуына байланысты, балалар арасында профилактикалық және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, суға шомылу барысында, көшеде жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде әзірленген жадынаманы оқушылар мен ата-аналарына таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі жүріп –тұру барысында қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін кеңейту мақсатында су қауіпсіздігі, табиғат қауіпсіздігі, техника – өрт қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі, денсаулық сақтау ережелерімен таныстырылды. «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында қаладағы тіркелген фактілермен байланыстырып, ақпараттар берілді. Барлық жауапкершілік ата-анада екендігі түсіндірілді.

Айта кетсек, 2022-2023 оқу жылында облыста 17 жазғы сауықтыру лагерлері қызмет көрсетіп, жалпы қала сыртындағы лагерлер – 41 597 баланы, мектеп жанындағы лагерлер – 153 000 баланы қамту жоспарланған.Лагерлерде әлеуметтік жағдайына байланысты 23 207 бала бюджет есебінен тегін, 15 мыңға жуық бала ата-аналар есебінен ақылы демалатын болады. Бір баланың жазғы сауықтыру құны – 30 252 теңге. Сонымен қатар, «Қазақстан Халқына» Қоры есебінен облыста 3 390 бала жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылмақ. Сондай-ақ, мектеп жанындағы бір мезгілгі тамақпен қамтитын – 330 лагерь, 580 ойын-сауықтыру алаңшалары балалар үшін тегін қызмет көрсетеді. Ал қала сыртындағы лагерлер маусым айының бірінші онкүндігінде ашылып, жаз бойы 6-8 ауысымда қызмет көрсетпек.

Сондай-ақ, «Самал» лагерінде облыстағы 2 отбасылық үлгісіндегі балалар ауылының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 170 тәрбиеленуші жаз бойы демалады. Ал, 1050 бала республикалық «Балдәурен», «Бөбек» оқу-сауықтыру лагерлерінде сауықтырылады. Түркістан облысында балалардың жазғы сауықтыруын ұйымдастыруға Түлкібас ауданы, Машат шатқалында орналасқан мемлекет теңгеріміндегі «Самал» және «Отырар» жазғы сауықтыру лагерінде бір ауысымда 800 қосымша орын ашылады. Одан бөлек, Бәйдібек ауданда орналасқан «Тау Шыңы» демалыс аймағы жазғы сауықтыру лагері ретінде қосымша 150 орынмен қамтамасыз етілмек. Сонымен қатар, Ордабасыдағы «Орленок» жазғы сауықтыру лагерінің де қайта ашылуы қарастырылып, 150 орындықты 1 жаңа лагерь балаларды қабылдамақ.

Previous Post

САРЫАҒАШ: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН ТАПСЫРУДА

Next Post

ОТЫРАРДА ТОЛАҒАЙ СПОРТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі