13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ТАБЫСТАЛДЫ

2 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ТАБЫСТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Еліміздегі ең ауқымды «Елбасы медалі» жобасы жасы 14 пен 29 аралығындағы өр мақсатты жастарға арналған.

«Елбасы медалі» — жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы.

Мектеп оқушылары бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйретеді.

Елбасы медалі бағдарламасынан сәтті өткен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау көзделген. Көрсетілген нәтижелер негізінде бағдарлама қатысушылары алтын, күміс және қола медальдармен марапатталады.

Әр деңгейде қойылатын талаптар бар. Қола деңгейге жету үшін 6 ай, күміске 12 ай және алтын деңгейге жету үшін 18 ай қажет.

Бүгін 2023 жылдың 2 маусым күні Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ержан Қадырбек Изтайұлы озық ойлы 9 білім алушыға Елбасы медальдарын табыстады.

Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ержан Кадырбек талантты жастарды қолдауға бағытталған жобаға қатысып, үздіктер қатарынан көрінген оқушылар мен ұстаздарына алғыс айтып, білімді ұрпақ тәрбиелеуде етіп жатқан еңбектеріне толағай табыстар тіледі.

Бағдарламаның негізгі символы табыстың жеті жебесін білдіреді. Осы жеті бағыт бойынша бағдарламаны аяқтау жеке тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал етеді. Бағыттарды атап өтетін болсақ: спорт және дене шынықтыру, кітап оқу, дарын мен дағды, ұлттық мұра, еріктілік, туристік саяхат және еңбек тәжірибесі.

Жобаның басты мақсаты – 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан азаматтарының өзін жетілдіруге жаңа серпін беру. Даму жолында барынша қолдау көрсету. Жас ерекшелігі бойынша сай келетін, тұратын жері, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан кез келген адам қатыса алады. Бағдарлама бірінші кезекте қатысушының өзін-өзі жетілдіруден өтуін көздейді.

Челендж бағытында ұйымдастырлған бағдарламаны жүзеге асыру үшін еліміздің әрбір облысында өңірлік ресурс орталықтары және тәлімгер желісі құрылған. Бұл жобаның әрбір қатысушысына қажетті әдістемелік қолдау беру мақсатында жасалған.
Қатысушылар жеті бағыттағы кез келген саланы таңдап, өзін жетілдіру процесін бастай беруіне болады. Челенджге қатысатын жастар виртуалды әлемнен табысқа жетелейтін ортаға көшеді. Яғни, жастар бойындағы дарындары мен мүмкіндіктерін шыңдай түсуіне жағдай жасалып отыр.

Previous Post

АРЫС: ТҮЛЕКТЕР ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІН САЛАТЫН БОЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПАТРИОТТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі