13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШАРДАРА: Мұғалімдерге арналған «Жаңашыл ұстаз, ынталандырушы оқулық — білім сапасының ресурсы» атты семинар өтті

25 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ШАРДАРА: Мұғалімдерге арналған «Жаңашыл ұстаз, ынталандырушы оқулық — білім сапасының ресурсы» атты семинар өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шардара аудандық білім бөлімінің жоспарына сай, ауданда бастауыш пән мұғалімдеріне арналған «Жаңашыл ұстаз, ынталандырушы оқулық — білім сапасының ресурсы» тақырыбында аудандық семинар білім ұяларында өтуде.
Семинар барысында тәжірибелі мұғалім Гүлжан Илесова бастауыш мұғалімдеріне «Білім сапасын арттырудағы жаңашылдық пен әдістемелік қызметтің рөлі » тақырыбында дөңгелек үстел, Айнаш Шайхиева «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмалар» тақырыбында коучинг, Жанар Балғабек «Жаңашыл ұстаз — іс-әрекет зерттеуінде педагогтердің шеберлік алаңы» тақырыбында семинар — тренинг тер өткізілді.Бүгінгі күннің талабы оқыту мен оқудың сапасын арттыруда коллаборативті оқытудың маңыздылығы ерекше. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушы да оқытушы да жақсы нәтижеге жететіні сөзсіз. Жалпы оқыту әдістері-педагог пен оқушының жұмысын реттеп отыратын ережелер болғандықтан, барлық пәндерді оқытқанда қолданылады.

Оқыту принципіне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы нәтижеге жете алады. Соның бірі-интеграциялау принципі. Интеграция – әртүрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді. Сондай-ақ мазмұны жағынан бір-біріне жақын пәндердің тіл мен әдебиет, математика мен жаратылыстану, қазақ тілі мен шет тілі, дүниетану мен еңбекке баулу т.б өзара жеке пәннің ішіндегі материалдық байланыстарын анықтап, оқушылардың білімін тереңдетуге болады. Сонымен қатар педагогтердің де бірлескен жоспар құруына мүмкіндік беретін принциптің бірі деп айтуға болады.

Семинардың практикалық бөлімінде бастауыш сынып және ағылшын, орыс тілі пән мұғалімдері пәнаралық байланыстарды көрсететін бірнеше сабақатар жүргізілді.
Семинардың мақсаты бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейде көтеру, педагогтердің өзін-өзі шығармашылық жағынан жетілдіруін ынталандыру, жаңашыл тәжірибелерін қалыптастыру болып саналады.

Семинарға қатысқан жас мұғалімдер әрбір педагогтен пайдалы тәжірибе алғанын айта келе, семинар жұмыстарына жоғары баға берді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ОҚУШЫЛАР ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ РАБОТАТЕХНИКА САЛАСЫМЕН АЙНАЛЫСУДА

Next Post

ТӨЛЕБИ: ҰСТАЗДАР МЕН ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі