13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ОҚУШЫЛАР ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ РАБОТАТЕХНИКА САЛАСЫМЕН АЙНАЛЫСУДА

25 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ОҚУШЫЛАР ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ РАБОТАТЕХНИКА САЛАСЫМЕН АЙНАЛЫСУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты №69 ЖОББМ 5-11 сынып оқушыларының «Техникалық шығармашылық және өнертапқыштар» (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының аудандық кезеңі өтті. Сайыстың мақсаты Қазақстан Республикасында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.
Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың жарысы бағдарламасының аясында әуе, зымыран, авто және кемемоделдеу бойынша шығармашылық жұмыстардың көрмесі ұйымдастырылды; робототехника, авто және кемемодельдеу бойынша жарыстар өтті.

Жарысқа аудандағы жалпы білім беру ұйымдарының шығармашыл, өнертапқыш оқушыларынан 5 номинация бойынша 29 оқушы қатысты. Оның ішінде әуе, авто, кеме, зымыран модельдеу және робототехника бойынша 6 жеңімпаз анықталып, облысқа жолдама алды.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің болашағы жарқын болуы үшін келешек ұрпаққа осы бастан жіті көңіл бөлу керек екенін айтқан болатын-ды. Осы орайда, жастарға, әсіресе кішкентай бүлдіршіндерге барынша жағдай жасау қажеттігін ескерте отырып, биылғы 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Шындығында, келешек ұрпақтың көзі ашық, болашаққа деген үміті зор болуы үшін қазір жасалынды деп жар салып жүрген тірліктердің барлығы аз. Бірақ аз деп қана отырмай, келешек ұрпаққа ата-анадан бастап, тұтас мемлекетіміздің жағдай жасауы маңызды. Ең бірінші, мемлекеттің қолдауы қажет, себебі елімізде оң-солын танып үлгермесе де, болмашы заттан ойыншық құрастыра алатын дарынды балалардың саны күн санап көбейіп келеді. Ал осындай дарынды балаларға елімізде қандай қолдау жасалынып жатыр дегенге келсек, Қазақстанның арнайы білім беретін мектептерінде робототехника кабинеттерінің үш мыңға жуығы ашылды. Оның ішінде, балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында барлық кабинеттер арнайы көрнекі құралдар мен компьютерлік қондырғылармен жабдықталған.

Сондай-ақ оқушыларға робототехника қосымша пән ретінде енгізілді. Ал мұғалімдері робототехника бойынша арнайы пәнді игерді. Түркістан облысында да робототехника сыныптары жүйелі жұмыс атқаруда. Облыста 9 ІТ мектеп, 70 ІТ сынып және 69 робототехника сыныптары жұмыс істейді. Балаларды жаңа техника, робот жасауға қызығушылығын арттыру мақсатында өңірде түрлі іс-шаралар өтуде.

Previous Post

Түркістан: Шардарада "Бақытты отбасы" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті

Next Post

ШАРДАРА: Мұғалімдерге арналған "Жаңашыл ұстаз, ынталандырушы оқулық - білім сапасының ресурсы" атты семинар өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі