Түркістан облысы Ордабасы ауданы Амангелді атындағы жалпы орта мектеп кітапханасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен мектепте «Бір ел — бір кітап» акциясы бойынша Төлен Әбдіктің шығармалары бойынша жоспарға сәйкес «Қонақтар» әңгімесін 5-6 сынып оқушыларымен кітапханада талқыланды.
Төлен Әбдікұлы шығармаларындағы шоқтығы биік туындының бірі – «Қонақтар» әңгімесі. Шағын ғана әңгіменің идеясы мен айтар ойы тереңде.
Бір қарағанда, «Қонақтар» әңгімесі әке мен ұлдың арасында немесе ата-ана мен бала арасында ренішті, көңілтолмаушылық пен зілді суреттеген шығарма болып көрінуі мүмкін. Алайда әңгіменің айтар ойын одан да терең, одан да биік ұғымдардан іздеуге болады.Ерғабыл қарияның жалғыз ұлы Сапабекке көңілі толмайтыны, үміті мен разылығын ақтамаған перзенті екені рас. Алайда Сапабектің өзі елге белгілі геолог, шетел аралаған, табысы мол маман. Бірақ Ерғабыл қарияға мұның керегі шамалы. Оған ұлының қара шаңырақты құрметтеп, ата салтты ұстанғаны, ата-ананы сыйлап, қамқорлық танытқаны қажет.
Ерғабыл қария үшін өзі өсіп өнген үйдің түтінін өшірмей, қара шаңырақты ұстап қалған ұрпақ қана адал сүт емген, ата-ана парызын өтеген бала. Ал жалғыз ұлы Сапабек ауылға жылына бір рет келіп, аман-саулықтың өзін жөнді бермейтін ұл болып шықты. Одан туған ұлды (немересін) да ата жүрек қабылдай алмайды.
Ата салтты құрметтейтін қария үшін ұлының жоғары білім алғаны емес, ұлттық құндылықтар мен салт-сананы жоғары тұтатын ұрпақ керек. Яғни, әл-Фараби айтқандай, ұрпақтың тәрбиелі болғаны қажет.
Жоғарыда айтқанымыздай, әңгімені ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастан да тереңдеп қарастыруға болады. Әңгімедегі оқиға өткен ғасырдың 80-жылдарын қамтыған. Бұл уақытта – қазақ халқы өзінің ұлттық құндылықтарынан, салт-дәстүрінен айырыла бастаған кезі. Төлен Әбдікұлы постмодернистік жазушы ретінде қазақ қоғамындағы бұл үрдісті ерте байқай білді. Әрі мұны шығармашылық метафорамен «Қонақтар» атты әңгімеге айналдырды.
Талқылау барысында оқырмандар әңгімеден алған әсерлерімен бөлісті. Шағын ғана әңгіменің идеясы мен айтар ойы тереңде. Бір қарағанда «Қонақтар» әңгімесі әке мен ұлдың арасында немесе ата — ана мен бала арасында ренішті, көңіл толмаушылық пен зілді суреттеген шығарма болып көрінуі мүмкін. Алайда әңгіменің айтар ойы одан да терең, одан да биік ұғымдардан іздеуге болады. Әңгіме талдау барысында оқушыларда сұрақтар көп болып, оған тиісінше жауаптар берілді.