Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың тапсырмасына сәйкес кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалынатын қылмыс пен құқықбұзушылықтың және оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты жалпы білім беру ұйымдарындағы ата-аналармен кездесу өткізілді. Жиынға аудан әкімшілігінің қызметкері Қайрат Дүйсенбиев, Ішкі саясат бөлімінің қызметкері Дінмұхаммед Тастемір, Полиция бөлімінің аға инспекторы Бағдаулет Тастанбеков, Дін істер басқармасының маманы Тағай Айбек және білім бөлімі мамандары қатысты.
Жоспардағы тақырып бойынша биылғы оқу жылындағы атқарылған жұмыстар бойынша білім бөлімінің бас маманы Лаура Омарова баяндама оқыды. Полиция бөлімінің аға инспекторы Бағдаулет Тастанбеков пен дін істер басқармасының маманы Тағай Айбек ата-аналарға мектеп оқушыларының қауіпсіздігі туралы баяндама жасады.
№11 М.Окороков мектебінің педагог-психологы Дүйсенова Жанат “Өткен кезеңнің қиындықтары” тақырыбында баяндама оқыды.
Кездесу жиынның мақсаты: Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, оның ішінде мектеп оқушыларының қатысуымен орын алатын бұзақылық, топтасып төбелесу, қасақана дене жарақатын салу, кісі өлімі, заңсыз қаржы жинау, заңсыз есірткі айналымына қатысу, түнгі уақытта ата-ана қадағалауынсыз қоғамдық жерлерде жүру фактілері мен олардың діни жат ағымдарға енулерінің алдын алу бағытында құзырлы органдармен бірлесіп тиісті шаралар қабылданып, орындау.
Кездесу жиындар өткізілген орындар:
сағ. 10:00-де Қызылжар ауылдық мәдениет үйінде, қатысушылар саны – 250 адам,
сағ.12:00-де Құркелес ауылдық мәдениет үйінде, қатысушылар саны – 250 адам,
сағ. 15:00-де №63 ЖОББМ, қатысушылар саны – 250 адам,
сағ. 17:00-де Аудандық мәдениет үйінде, қатысушылар саны – 450 адам.
Сонымен қатар жиын барысында қауіпсіздік, бала еңбегі, мектеп оқушыларының табиғат аясына демалысқа шығуы, соңғы қоңырау, жазғы уақыттағы демалысты өткізу мәселелері қаралды.