Түркістан облысы Ордабасы ауданы Амангелді атындағы жалпы орта мектебінде мамыр айының 24 жұлдызында «Дарынды, талантты балалар – ұлт болашағы» атты білімді, дарынды, талантты да өнерлі балаларды марапаттау жиыны өтті. Дарынды балаларды қолдау мақсатында білім ұясында жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда.
Қосылсыншы білім атты сырға сыр,
Өзгерсе де уақыт атты жыл, ғасыр.
Білім жалғар дәуірлердің арасын,
Білімдіні ұнатады бұл ғасыр, — дегендей жиынның басты мақсаты білімнің қайнар бұлағына айналған, өнердің жарқын шырағына айналған, ғылыми жоба қорғап, түрлі қоғамдық және мектепішілік іс- шараларда белсене қатысып жүрген оқушыларға, спорттың жас саңлақтарына айналған оқушыларды ымызды жетістіктерімен марапаттау. Сонымен қатар, басқа да оқушыларға үлгі көрсету.
Дарын – адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес ,көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен ерекше көзге түседі. Баланың бойындағы мұндай ерекше қасиетті дамыту үшін бірнеше міндетті басшылыққа алу қажет. Ең алдымен,баланың жеке дара тұлғалық ерекшелігін дамыту,оның қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау, педагогикалық көмек көрсету. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,білім,ар,мінез деген қасиеттермен озады», – деген екен Абай атамыз. Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы, білімдар адамдар осы заманның дамуына үлес қосады.
Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі ақылды, ойлы, дарынды жастарымызды шығармашылық потенциалын жан-жақты өсіру қажеттілігі туындайды. Дарынды балаларды бір орталыққа іріктеу, айқындау – белгілі бір баланың дамуына талдау жасаумен байланысты ,арнайы бағдарламалар бойынша кезеңді түрде іздестіруді қажет ететін процесс. Ал, дарынды баламен жұмыс жүйесі дегеніміз – мектептік және мектептен тыс сипаттағы тәрбиелік білім беру мекемелерінің өзара байланыс пен қарым-қатынастағы басқару органдарының жиынтығы.
Мұғалімдерге қоса ата-аналардың және ұйымдастырушылардың дарынды балалар мен жастарды айқындауға, қолдауға бағытталған іс-әрекетін ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралдары, нысандары мен әдіс-тәсілдері кіреді. Дарынды оқушылармен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының бойында күш қуаты жеткілікті, шын дарынды екеніне сендіру-ұстаз бойындағы құдіретті күш. Өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді. Дарынды балалардың анықталып, кемелдендірілуіне арнаулы мектептер факультативтік сабақтардың маңызыда ерекше.