Қазығұрт ауданы «Қазығұрт» атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты жалпы білім беру ұйымдарынан байқаудың облыстық кезеңіне 6 бағыты бойынша ауданнан 6 оқушы қатысып, жүлделі орындармен марапатталды.Олардың қатарында, №68 Т.Оспанов атындағы ЖОББМ 9-сынып Мұсабек Аяулым Мүсірәліқызы «Өлең —сөздің патшасы, сөз сарасы» бағыты бойынша І орынды иеленді. №34 Ш.Уәлиханов атындағы ЖОББМ 10-сынып оқушысы Тұрсынова Гүлжайнар Амантайқызы «Абайдың қара сөздері» бағыты бойынша ІІ орынды иеленді.
№18 Абай атындағы ЖОББМ 8-сынып оқушысы Қалқожа Нұргүл Маратқызы «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бағыты бойынша ІІ орынды иеленді. №27 Шәкәрім атындағы ЖОББМ 8-сынып оқушысы Каукешова Гүлдариға Смайылқызы «Көңілім әнді ұғады» бағыты бойынша ІІІ орынды иеленді. №18 Абай атындағы ЖОББМ 8-сынып оқушысы Сейткәрім Руслан Қайратұлы «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағыты бойынша Мақтау қағазымен марапатталды. №5 С.Ысмайылов атындағы ЖОББМ 10-сынып оқушысы Джамалова Айдана Үсенқызы «Ұлылар әлемі» бағыты бойынша Мақтау қағазымен марапатталды. Жетекшісі: Пазылова Жанар Раймбекқызы.
Айта кетсек, І. Абай оқулары 6 номинация бойынша өткізілді:
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы. Қазылар алқасы бұл номинацияда оқушы жатқа білетін Абай шығармаларының санына байланысты бағалады.
«Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абай қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқу. Бұл номинация бойынша Абай қарасөздерін толық білуі бойынша бағаланды.
«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу. Бұл номинация бойынша шығарма мәтіндерін жатқа, мәнерлеп айтуы, толық білуі бойынша бағаланды.
«Көңілім әнді ұғады» номинациясы – оқушының Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы –оқушылардың өз шығармалары бағаланды. «Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа эссе жазу.
Қатысушының теориялық білімін, шығармашылық қабілетін тексеру мақсатында эссе жұмысы бойынша арнайы 3 тақырып ұсынылды. Оқушы бір тақырыпты таңдап 1 сағат 30 минут көлемінде эссе жазып тапсырды. Байқау қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау ұлылар поэзиясын, ұлттың рухани мұрасын кеңінен таныту мақсатында жүзеге асырылды.
Байқауға 17 аудан, қала және мен мамандандырылған білім беру ұйымдарынан жалпы саны — 131 оқушы қатысты.