13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ: МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРМЕН ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

24 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
САЙРАМ: МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРМЕН ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
27
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты М. Мақатаев атындағы ЖОМ сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында, ата- аналармен арнайы есептік жиналыс өткізіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп тарапынан шығарылған N 53 бұйрықтың мазмұнымен таныстырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 49 бабының 2 тармағына сәйкес білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуді жанынан құрылған «Қамқоршылық кеңесі» арқылы жүзеге асыруды және мектеп директоры Дюсеналиева Б.К. ата-аналар комитеті мен Қамқоршылық кеңесі алдында білім беру ұйымдарының материалдық базасына қаралған қаржылары туралы есеп беру жұмыстары жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қайсын болмасын да қатты алаңдататыны айқын.

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы — адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» деп түсіндіріледі.

Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Жиналыс барысында ата-аналар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламаларымен, заңдармен таныстырылып, жан-жақты мағлұмат алды. Түркістан облысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар болды. Сонымен қатар, мектепте бала бойына адамгершілік, шыншылдық мәдениетін сіңіру жолдары туралы пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Алдағы уақытта балалармен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларға белсенді түрде қатысатындарын айтты.

Previous Post

САЙРАМДЫҚ ҰСТАЗ "ТӘРБИЕ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ" ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНАН НОМИНАЦИЯ ЖЕҢІП АЛДЫ

Next Post

АРЫС ҚАЛАЛЫҚ «БАСТАУ» XVI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі