13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМДЫҚ ҰСТАЗ «ТӘРБИЕ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНАН НОМИНАЦИЯ ЖЕҢІП АЛДЫ

24 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
САЙРАМДЫҚ ҰСТАЗ «ТӘРБИЕ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНАН НОМИНАЦИЯ ЖЕҢІП АЛДЫ
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің жылдық жоспарына сәйкес «Тәрбие ісінің үздігі» атты облыстық байқауы Түркістан қаласында өтті. Байқауға қатысушылар ІІІ кезең бойынша жарысқа түсті. І кезең «Шебер класс» сабақты ұйымдастыруда дәстүрлі емес тәсілдерді қолдану арқылы байқаудың қазылар алқасын қатыстыра отырып, сыныптан тыс іс- шаралар өткізілді. Аталған кезең төмендегі критерийлер бойынша бағаланды.

— мазмұнның өзектілігі, жұмыс мазмұнының өткізу түріне сәйкестігі;
— педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі;
— қалыптан тыс іс-шара жүргізу түрі;
— ата-аналармен қарым-қатынас деңгейі;
— педагогикалық мәдениет, сезімталдық;
— ұлтжандылық, патриоттық, азаматтық, адами құндылық тақырыбының ашылуы.
Байқаудың 2 – кезеңі сайыскерлерге берілген тапсырмаларды орындау түрінде өткізілді.

Байқауға қатысушы сынып жетекшілер жоғарыда аталған шарттар бойынша сынға түсті. Әділ қазылар алқасы байқауға қатысушылардың іс-әрекетін төмендегі критерийлер бойынша бағалады: тақырыптың өзектілігі және толық ашылуы, тұжырымдар мен қорытындылардың негізділігі, олардың жаңалығы мен ғылыми – практикалық маңыздылығы, педагогика-психология, жас ерекшелік физиологиясын білу, тәрбие жұмысының әдістемесінің меңгеру деңгейі ескерілді.

Сайрам ауданынан іріктеуден өткен №93 Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінің тәрбие орынбасары Жаппашева Сандуғаш аталған облыстық байқаудан бас жүлде алса, №7 Бабыр атындағы жалпы орта мектебінің сынып жетекшісі Белтаева Гүлзира 3 орынға ие болды. «Ең үздік сынып жетекшісі» номинациясына №93 Абылайхан жалпы орта мектебінің мұғалімі Айгерім Медванқызы иеленді.
Сонымен қатар, Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің тәлімгері «Шебер тәлімгер» номинациясын иеленді.

Сайрам ауданы ұстаздарының облыстық байқаудан жеңіспен оралуында бөлімнің әдіскері Құралай Әбдіразаққызы Мұсаеваның еңбегі зор.

Previous Post

ОРДАБАСЫДА «COWORKING» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Next Post

САЙРАМ: МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРМЕН ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі